О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2008 года № 8 "Об утверждении Правил признания и нострификации документов об образовании"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра образования и науки Республики Казахстан от 10 января 2008 года № 8 "Об утверждении Правил признания и нострификации документов об образовании"
- Атауы (қаз.)
- "Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 639
- Қабылданған күні
- 11.11.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2021 98051_531345.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012424
- ЭКБ идентификаторы
- 98051
- Редакция идентификаторы
- 98051_531345
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 12:39
0 «Білім туралы құжаттарды тану жәненострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 10 қаңтардағы № 8 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде № 5135 болып тіркелген, «Заң газеті» газетінің 2008 жылғы 21 наурыздағы № 43 (1443) санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Қоса беріліп отырған Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау ережесінің атауын мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидалары»;
1-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«1. Осы Қағидалар басқа мемлекеттерде, Қазақстан Республикасында құрылған халықаралық немесе шетелдiк оқу орындарында (олардың филиалдарында) білім алған тұлғалардың негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiм (магистратура, клиникалық ординатура, резидентура, адъюнктура) туралы құжаттарын тану және нострификациялау тәртібін айқындайды.»;
5-1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5-1. Тану және нострификациялау рәсiмiн жүргізу үшін білім туралы құжаттарды қабылдау және беру Орталық, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚО) арқылы жүзеге асырылады.»;
13-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«13. Бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
орталыққа/ХҚО:
1) білім туралы құжаттарды тану туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын немесе оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаты (жек басын сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге):
егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса (бар болған жағдайда), тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);
4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
6) төлем туралы түбіртек.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«14. Өтiнiш осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды тану туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе Халыққа қызмет көрсету орталықтарының ықпалдастырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ХҚО ЫАЖ) базасына тiркеледi.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«15. Білім туралы құжатты тану туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырған уақыттан бастап төрт айды құрайды.»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«16. Еуропа өңірінде жоғары білімге жататын біліктілікті тану туралы Конвенцияға (Лиссабон Конвенциясы) қатысушы елдердің білім туралы құжаттары Қазақстан Республикасында осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен куәлік беру арқылы танылады.»;
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«18. Орталық бiлiм туралы құжатты тану туралы шешiмнiң негiзiнде осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес белгiленген нысан бойынша куәлiк ресімдейді.»;
19-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«19. Уәкілетті органның білім туралы құжатты тану туралы шешімі негізінде Орталық осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес білім туралы құжатты тану туралы куәлік ресімдейді.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiш берілген жағдайда мынадай құжаттар ұсынылады:
орталыққа/ХҚО:
1) білім туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтініш;
2) білім туралы құжаттың және оған мынадай ақпараттары бар қосымшаның нотариалды куәландырылған көшірмесі (білім туралы құжаттың және оған қосымшаның мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге): оқу пәндерінің тізбесі, өтілген оқу пәндері мен практикаларының сағат/кредит көлемі, алған қорытынды бағалары, курстық және оқу бітіргендегі біліктілік жұмыстары, басқа да оқу процесін құрайтын қосымша (бар болған жағдайда).
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген білім туралы апостильденген не заңдастырылған құжаттарын не оқығанын және білім туралы құжат алғанын растайтын оқу орнынан мұрағаттық анықтама ұсынады;
3) бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге):
егер білім туралы құжат иесі оны алғаннан кейін тегін, атын немесе әкесінің атын ауыстырса (бар болған жағдайда), тегін, атын немесе әкесінің атын (бар болған жағдайда) ауыстырғаны туралы немесе неке туралы немесе некені бұзу туралы акт жазбасын мемлекеттік тіркеу туралы куәлігінің нотариалды куәландырылған көшірмесін ұсынуы қажет (түпнұсқа салыстырған соң қайтаруға жатады);
4) оқу орнының мөрімен расталған білім туралы құжатты (негізгі орта, жалпы орта білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды қоспағанда) берген оқу орнын аккредиттеу туралы куәліктің және/немесе лицензияның көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге). Оқу орнының лицензиясының және/немесе аккредиттеу туралы куәлігінің көшірмесі болмаған жағдайда, білім туралы құжатты берген білім беру ұйымы туралы ақпаратты (сайттарға немесе басқа да дереккөздерге сілтеме жасай отырып) ұсыну қажет;
5) уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
6) төлем туралы түбіртек.»;
23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«23. Орталықта өтiнiш осы Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес бiлiм туралы құжаттарды нострификациялау туралы өтiнiштерді тiркейтiн арнайы журналда немесе ХҚО ЫАЖ базасына тiркеледi.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«24. Білім туралы құжатты нострификациялау туралы өтінішті қарау мерзімі осы Қағидалардың 22-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсырғаннан уақыттан бастап төрт айды құрайды.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«34. Осы Қағидалардың 33-тармағының 2) тармақшасында көрсетiлген шарттар анықталған жағдайда, нострификациялау туралы куәлiкке бiлiм туралы құжат иесiнiң кәсiптiк және/немесе академиялық құқығы шектелгендiгі туралы жазба енгiзiлуi мүмкiн.»;
36-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«36. Орталық білім туралы құжатты нострификациялау туралы бұйрықтың негізінде осы Қағидалардың 4-9-қосымшаларына сәйкес тиісті куәлік ресімдейді.»;
39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«39. Бiлiм туралы құжаттарды тану және нострификациялау куәлiктерi осы Қағидалардың 10-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес бiлiм беру туралы құжаттарды тану немесе нострификациялау туралы куәлiктер беретiн арнайы журналға тiркеледi. Аталған журналдың парақтары белгiленген тәртiппен нөмiрленуi және тiгiлуi керек.»;
41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Білім туралы құжаттың тану/нострификациялау туралы куәлігін жоғалтқан жағдайда өтініш беруші орталыққа/ХҚО мынадай құжаттарды ұсынады:
1)дубликат беру туралы өтініш;
2)бiлiм туралы құжат иесiнің жеке басын растайтын құжатты (жеке басын сәйкестендіру үшін):
Қазақстан Республикасының резиденті емес тұлғалар үшін білім туралы құжат иесінің жеке басын растайтын құжаттың нотариалды расталған көшірмесі (мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен бірге);
3)Қазақстан Республикасы мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған жоғалғаны туралы ақпарат;
4)уәкілетті өкілдің жеке басын куәландыратын құжаты (жеке басын сәйкестендіру үшін) және өкілдікке өкілеттілікті куәландыратын құжат – көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде;
5)төлем туралы түбіртек.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«44. Дубликат беру туралы мәлiметтер осы Қағидалардың
11-қосымшасында белгiленген нысанға сәйкес тану және нострификациялау куәлiктерi тiркелетiн арнайы журналға енгiзiледi.»;
1-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 1-қосымша»;
2-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 2-қосымша»;
3-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 3-қосымша»;
4-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 4-қосымша»;
5-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 5-қосымша»;
6-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 6-қосымша»;
7-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 7-қосымша»;
8-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 8-қосымша»;
9-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 9-қосымша»;
10-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 10-қосымша»;
11-қосымшасының оң жақ бұрышы мынадай редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді:
«Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау қағидаларына 11-қосымша».