О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2009 года № 1055 "Об утверждении годовых ставок платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи, а также сотовой связи"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 июля 2009 года № 1055 "Об утверждении годовых ставок платы за предоставление междугородной и (или) международной телефонной связи, а также сотовой связи"
- Атауы (қаз.)
- "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 253
- Қабылданған күні
- 22.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.11.2018 63568_368906.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1200000253
- ЭКБ идентификаторы
- 63568
- Редакция идентификаторы
- 63568_368906
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:00
0 "Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндеттi төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексiнің (Салық кодексi) 520-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларында:
«Төлемақының жылдық ставкалары, %» деген бағандағы «1,24557», «1,24557» деген сандар «0,9816», «0,9816» деген сандармен ауыстырылсын.