О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2009 года № 277 "Об утверждении Правил определения расчетного тарифа, утверждения предельного и индивидуального тарифов"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 марта 2009 года № 277 "Об утверждении Правил определения расчетного тарифа, утверждения предельного и индивидуального тарифов"
- Атауы (қаз.)
- "Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 803
- Қабылданған күні
- 07.08.2013
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2015 AI73881_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1300000803
- ЭКБ идентификаторы
- 73881
- Редакция идентификаторы
- AI73881_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:33
0 "Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 наурыздағы № 277 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 14, 101-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Есептік тарифті айқындау, шекті және жеке тарифтерді бекіту ережесі мынадай мазмұндағы 14-1 және 14-2-тармақтармен толықтырылсын:
«14-1. Энергия өндіруші ұйымдар тобы мынадай өлшемдер бойынша қалыптасады: энергия өндіруші ұйымдардың типтері, белгіленген қуаты, пайдаланылатын отын түрі, отынның орналасқан жерінен қашықтығы.
Энергия өндіруші ұйымдар «энергия өндіруші ұйымдардың типі» өлшемі бойынша электр станцияларының мынадай типтеріне бөлінеді:
1) конденсаттық – тек қана электр энергиясын өндіретін электр станциясы;
2) жылу электр орталығы – электр энергиясын өндірумен қатар, жылумен жабдықтаудың орталықтандырылған жүйелеріндегі жылу энергиясының көзі болып табылатын жылу электр станциясы;
3) газ-турбиналық – газ тектес отын түрін энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы;
4) су электр станциясы – су ағыны энергиясын энергия көзі ретінде пайдаланатын электр станциясы.
Энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуат» өлшемі бойынша 100 МВт-қа дейін, 100 МВт-тан 300 МВт-қа дейін, 300 МВт және одан жоғары болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «пайдаланылатын отын түрі» өлшемі бойынша көмірмен, жергілікті газбен, импортталған газбен, мазутпен жұмыс істейтіндер болып бөлінеді.
Энергия өндіруші ұйымдар «отынның орналасқан жерінен қашықтығы» өлшемі бойынша 500 км-ге дейін, 500 км-ден 1000 км-ге дейін, 1000 км және одан жоғары болып бөлінеді.
14-2. Егер энергия өндіруші ұйымның құрамына бір-бірінен ерекшеленетін бірнеше электр станциясы кіретін болса, онда аталған энергия өндіруші ұйым жеке топ болып қалыптасады.».