О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 10 апреля 2009 года № 4-14-4 «О повышении ставок земельного налога»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Айыртауского районного маслихата от 10 апреля 2009 года № 4-14-4 «О повышении ставок земельного налога»
- Атауы (қаз.)
- «Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 5-38-2
- Қабылданған күні
- 28.05.2015
- Көрсетілген редакция
- 13.04.2018 91225_317934.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.04.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15SC003281
- ЭКБ идентификаторы
- 91225
- Редакция идентификаторы
- 91225_317934
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:54
0 «Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-бабына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. «Жер салығының ставкаларын жоғарылату туралы» Айыртау аудандық мәслихатының 2009 жылғы 10 сәуірдегі № 4-14-4 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13-3-98 тіркелген, 2009 жылғы 22 мамырда «Айыртау таңы» газетінде, 2009 жылғы 22 мамырда «Айыртауские зори» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда мазмұндалсын:
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Қазақстан Республикасы 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 387-бабы 1, 1-1-тармақтарына, 444-бабы 1-тармағына сәйкес Айыртау аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
«1. Автотұрақтарға (паркингтерге), автомобильге май құю станцияларына бөлінген (бөліп шығарылған) және казино орналасқан жерлерді қоспағанда, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) (бұдан әрі – Кодекс) Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің 379, 381, 383 - баптарымен белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемелері 50 пайызға жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1) жеке тұлғаларға ұсынылған, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) елді мекендердің жерлеріне (үй іргесіндегі жер учаскелерін қоспағанда) базалық салық мөлшерлемелері;
3) елді мекендердің сыртында орналасқан, өнеркәсіп жерлеріне базалық салық мөлшерлемелері.
Кодекстің 378, 444 - баптарымен белгіленген жер салығының және бірыңғай жер салығының базалық мөлшерлемелері бес есеге жоғарылатылсын, сәйкесінше:
1) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге базалық салық мөлшерлемелері;
2) Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері.».
2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы қаржы
Министрлігінің мемлекеттік кірістері
Комитетінің Солтүстік Қазақстан
облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаментінің Айыртау
ауданы бойынша мемлекеттік кірістері
басқармасы» республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
________________С.Мейрамов
2015 жылғы «28» мамыр
«Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданының жер
Қатынастары бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
_____________Н.Төребеков
2015 жылғы «28» мамыр