Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Республики Казахстан от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций»

Бұйрық · № 424/НҚ · қабылданған 16.11.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2009-no-59-ekb-148712/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Республики Казахстан от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций» Қолданыста Бұйрық ·№ 424/НҚ ·16.11.2020
16.11.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.11.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Республики Казахстан от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций»

Қолданыста Бұйрық ·№ 424/НҚ · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи Республики Казахстан от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций»
Атауы (қаз.)
«Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
424/НҚ
Қабылданған күні
16.11.2020
Көрсетілген редакция
16.11.2020 148712_494801.kaz
Соңғы өзгеріс
16.11.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021661
ЭКБ идентификаторы
148712
Редакция идентификаторы
148712_494801
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 11:44

0 «Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген

шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және Байланыс Агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген, 2009 жылғы 10 сәуірде «Юридическая газета» газетінде № 53 (1476) жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) байланыс операторы – байланыс қызметтерін көрсететін және (немесе) байланыс желілерін пайдаланатын, Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген жеке немесе заңды тұлға;»;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) телекоммуникация желісі – коммутациялық жабдықтан (станциялардан, кіші станциялардан, концентраторлардан), жол-кәбілдік құрылыстардан (абоненттік жолдардан, жалғау жолдары мен байланыс арналарынан), беру жүйелері мен абоненттік құрылғылардан тұратын, телекоммуникация хабарларының берілуін қамтамасыз ететін телекоммуникация құралдары мен байланыс жолдарының жиынтығы;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бұзылуы фактісін анықтау тәртібі».

2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат және инфрақұрылым департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер беруді қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті

Қолданыстағы