О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по информатизации и связи от 10 февраля 2009 года № 59 «Об утверждении Правил определения убытков от повреждения сети и средств телекоммуникаций»
- Атауы (қаз.)
- «Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 452/НҚ
- Қабылданған күні
- 30.07.2024
- Көрсетілген редакция
- 30.07.2024 199283_713831.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.07.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2400034839
- ЭКБ идентификаторы
- 199283
- Редакция идентификаторы
- 199283_713831
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 10:19
0 «Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы
10 ақпандағы № 59 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының 2009 жылғы 10 ақпандағы № 59 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5599 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Телекоммуникация желілері мен құралдарының бүлінуінен келтірілген шығындарды анықтау ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Байланыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 12 шілдедегі № 501 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 69) тармақшасына сәйкес әзірленді.».
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.