Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 «Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей»

Бұйрық · № 186 · қабылданған 24.11.2017
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2010-no-136-ekb-116988/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 «Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей» Қолданыста Бұйрық ·№ 186 ·24.11.2017
24.11.2017 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 «Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей»

Қолданыста Бұйрық ·№ 186 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 июня 2010 года № 136 «Об утверждении Статистической методологии по ведению похозяйственного учета и форм организации ведения регистрационных записей»
Атауы (қаз.)
«Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
186
Қабылданған күні
24.11.2017
Көрсетілген редакция
24.11.2017 116988_266915.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016109
ЭКБ идентификаторы
116988
Редакция идентификаторы
116988_266915
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:10

0 «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы

10 маусымдағы № 136 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 12-бабының 5) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 17-тармағының 262) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2010 жылғы 10 маусымдағы № 136 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6334 болып тіркелген, 2010 жылғы 11 тамыздағы № 326-327 (26170) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әр шаруашылық бойынша есепке алуды жүргізу және тіркеу жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру нысандары бойынша статистикалық әдіснамада:
9-тармақтың бірінші және екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіруді күнтізбелік жылғы 1 қаңтардағы және 1 шілдедегі жағдай бойынша жүргізеді. ЭӘШБЕА БҚ-ға деректерді бұдан әрі ауыстыру және тиісті түзетулерді енгізу мақсатында дәптерлерді пайдаланумен күнтізбелік жылғы желтоқсанның 1-нен 31-не дейін және маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде аулаларды толық аралау және халыққа, сондай-ақ ШФҚ басшыларына пікіртерім жүргізу арқылы әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектендіру жүргізіледі.
Әр шаруашылық бойынша есепке алу ақпараттарының өзгеруі туралы мәліметтерді азаматтар және ШФҚ басшылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органға жүгінуі кезінде қажеттілігіне қарай жазбаша түрде (өтініш берілген күнді көрсетумен еркін түрде) өз бетінше ұсынады. Кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері немесе жергілікті атқарушы органның мамандары мұндай өтініш түскен кезде осы Әдіснаманың 2-1-қосымшасына сәйкес Журналда міндетті тіркеумен көрсетілген мәліметтерді ЭӘШБЕА БҚ-ға енгізулері қажет.»;
11, 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Ірі елді мекендерде кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі немесе жергілікті атқарушы органның маманының барлық үй шаруашылықтарын және ШФҚ-ны 30-31 күнтізбелік күн ішінде (күнтізбелік жылғы желтоқсанның 1-нен 31-не дейін және маусымның 1-нен 30-на дейін) жеке аралап және осы мерзімде әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін өзектілендіруді жүзеге асыру мүмкіндігі болмағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі оған көмекке жергілікті атқарушы органның басқа мамандарын қосымша тартады. Осы мақсатта жергілікті атқарушы органның маманы елді мекендердің және ШФҚ-ның тізімдерін нақтылағаннан кейін, оларды жекелеген шекті учаскелерге бөледі, бұл учаскелерді жұмысқа тартылған мамандар арасында бөледі және бұл тізімді кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкіміне бекітуге ұсынады. Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі өзінің шешімінде жұмысқа тартылған мамандар тізімін бекітеді, мұнда осы жұмыстың кімге және қандай елді мекендерде, қандай көшелерде (ірі елді мекендерде) жүргізу тапсырылатындығы көрсетіледі. Жұмысқа тартылған мамандардың барлық жұмысына кенттің, ауылдың, ауылдық округтің әкімі басшылық жасайды. Тіркеу жазбаларын толтыру, тексеру және нақтылау үшін әкімдер дәптерлерді тартылған мамандарға береді. Әкім әр маманнан толтырылған дәптерлерді, бұл ретте жазбалардың ресімделу дұрыстығын, енгізілген нақтылаулардың айқындылығын және негізділігін бақылай отырып қабылдайды.
12. Статистика органдарына әр шаруашылық бойынша есепке алу жөніндегі біріктірілген мынадай деректерді ұсыну:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2017 жылғы 6 қарашадағы № 157 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде
№ 16000 болып тіркелген, «Үй шаруашылықтарындағы мал мен құстың, ауылшаруашылық техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» коды 131106220, индексі 7-ж (халық) – кезеңділігі жартыжылдық (бұдан әрі – 7-ж статистикалық нысан) және «Үй шаруашылықтарында пайдаланатын жердің бары туралы мәліметтер» коды 131112221, индексі 7-р (халық) – кезеңділігі жылдық (бұдан әрі – 7-р статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарындағы мал мен құстың, ауыл шаруашылығы техникасының және құрылыстардың нақты бары туралы мәліметтер» коды 131106217, индексі 6-ж (фермер) – кезеңділігі жартыжылдық (бұдан әрі – 6-ж статистикалық нысан), «Шаруа немесе фермер қожалықтарында жер алқаптарының және егістік алаңдарының болуы туралы мәліметтер» коды 131112218, индексі 6-р (фермер) – кезеңділігі жылдық (бұдан әрі – 6-р статистикалық нысан) жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандарында белгіленген нысан бойынша және мерзімдерде қағаз жеткізгіште;
2) электронды түрде (электронды жеткізгіштерде) үй шаруашылықтары және ШФҚ бөлінісінде 6-ж, 6-р, 7-ж, 7-р статистикалық нысандарында белгіленген мерзімдерде жүзеге асырылады.»;
23-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Мал саны туралы нақты деректер алу мақсатында әр шаруашылық бойынша есепке алу деректеріне нақтылауды жүргізетін адамдар күнтізбелік жылғы желтоқсанның 1-нен 31-не дейін және маусымның 1-нен 30-на дейінгі кезеңде оларға тапсырылған учаскедегі барлық шаруашылықтарды ерекшелеусіз, осы шаруашылықтарда малдың бар не жоқ екендігіне қарамастан аралап шығады және бұл ретте көрші учаскемен (елді мекенмен) шектелетін аулалардың қалып қоймауына ерекше назар аударылады.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2-1-қосымшамен толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика

комитетінің Статистикалық тіркелімдер және жіктелімдер басқармасы Заң басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының орынбасарына

(Ж.Н. Көшкімбаев) жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мырзахметов
2017 жылғы 4 желтоқсан

0 Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін нақтылау бойынша өтініштер журналы

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Сатистика комитеті төрағасының
2017 жылғы 24 қарашадағы
№ 186 бұйрығына қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке
алуды жүргізу және тіркеу
жазбаларын жүргізуді ұйымдастыру
нысандары бойынша статистикалық
әдіснамаға 2-1-қосымша
Әр шаруашылық бойынша есепке алу деректерін нақтылау бойынша өтініштер журналы

Өтініш берілген күн
Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Өтініш беру себебі (өзгеретін деректердің атауы, жазумен)
Саны (үйдің, жердің, егістіктердің алаңы, мал, кұс басы және тағы да басқа )
ЭӘШБЕА БҚ-ға түзету енгізілген күні
Әкімдіктің лауазымды адамының қолы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14
15

Қолданыстағы