Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 10 августа 2010 года № 31-8 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Чингирлаускому району"

Ереже · № 2-5 · қабылданған 16.04.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2010-no-31-8-ekb-65639/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 10 августа 2010 года № 31-8 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Чингирлаускому району" Күшін жойған Ереже ·№ 2-5 ·16.04.2012
10.10.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 10 августа 2010 года № 31-8 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Чингирлаускому району"

Күшін жойған Ереже ·№ 2-5 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в решение Чингирлауского районного маслихата от 10 августа 2010 года № 31-8 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам) по Чингирлаускому району"
Атауы (қаз.)
Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 31-8 "Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2-5
Қабылданған күні
16.04.2012
Көрсетілген редакция
10.10.2013 65639_191027.kaz
Соңғы өзгеріс
10.10.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12ZM000158
ЭКБ идентификаторы
65639
Редакция идентификаторы
65639_191027
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 02:28

0 Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 31-8 "Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес және Батыс Қазақстан облысы Әділет Департаментінің 2012 жылғы 2 сәуірдегі № 4-1391 ұсынысының негізінде аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Шыңғырлау аудандық мәслихатының 2010 жылғы 10 тамыздағы № 31-8 "Шыңғырлау ауданы бойынша аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7-13-131 нөмірмен тіркелген, 2010 жылғы 2 қазандағы аудандық № 39 "Серпін" газетінде жарияланды) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1 1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші, алтыншы абзацтармен толықтырылсын:

"тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстар-кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін пайдалануға және жөндеуге, жер учаскесін күтіп-ұстауға, коммуналдық қызметтерді тұтынуды есептеудің үйге ортақ құралдарын сатып алуға, орнатуға, пайдалануға және тексеруге жұмсалатын шығыстарға, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға тұтынылған коммуналдық қызметтерді төлеуге жұмсалатын шығыстарға жалпы жиналыстың шешімімен белгіленген ай сайынғы жарналар арқылы төленетін үй-жайлардың (пәтерлердің) меншік иелері шығыстарының міндетті сомасы, сондай-ақ болашақта кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін немесе оның жекелеген түрлерін күрделі жөндеуге ақша жинақтауға жұмсалатын жарналар;
аз қамтылған отбасылар (азаматтар) - Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй көмегін алуға құқығы бар адамдар.";

2 2) 2-тармақ алып тасталсын;

3 3) 5-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

"5. Орын толтыратын тұрғын үй көлемінің мөлшері коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтерін түтыну кезде соның ішінде телефон үшін абоненттік төлемдер ұлғаюы, одан басқа кондоминиумның объектілерінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге әлде қаражат жинақтауға арналған жарналар, тұрғын-үй жалға пайдаланудағы қарымақысы, тұрғын-үй көлемі фактіге негізделген бір бірлікке тең, бірақ 50 шаршы метрден артық емес мөлшерде белгіленеді.".

4 4) 9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

"9. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынылады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының ) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;
5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот.".

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы