О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 10 ноября 2010 года № 4/840 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Алматы»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата города Алматы от 10 ноября 2010 года № 4/840 «Об утверждении Государственного списка памятников истории и культуры местного значения города Алматы»
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/173
- Қабылданған күні
- 19.03.2019
- Көрсетілген редакция
- 17.03.2021 129802_514617.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 17.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19R0001530
- ЭКБ идентификаторы
- 129802
- Редакция идентификаторы
- 129802_514617
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 20:46
0 Алматы қаласы әкімдігінің
«Алматы қаласының жергілікті маңызы бар
Тарих және мәдениет ескерткіштерінің
мемлекеттік тізімін бекіту туралы»
2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840
қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі «Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы» Заңының 18 және 27 баптарына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 864 болып тіркелген, 2010 жылғы 25 желтоқсанда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі:
келесі мазмұндағы реттік нөмірлері 119, 120 жолдармен толықтырылсын:
«
119
«Сайран» автобекеті
сәулет және қала құрылысы
Төле би көшесі, 294
120
Алматы ипподромы
сәулет және қала құрылысы
Омаров көшесі, 10А
».
2 2. Алматы қаласы Мәдениет басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, кейіннен мерзімді баспа басылымдарында және Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жариялауды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары А. Қырықбаевқа жүктелсін.
4
4. Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы қаласының жергілікті маңызы бар Тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы» 2010 жылғы 10 қарашадағы № 4/840 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» қаулысы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрлігі
А. Мұхамедиұлы
«__» _______________2019 жыл