О внесении изменений в постановление акимата Панфиловского района от 10 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Панфиловском районе" N 749
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Панфиловского района от 10 октября 2011 года "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы в Панфиловском районе" N 749
- Атауы (қаз.)
- Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 702
- Қабылданған күні
- 04.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 09.09.2016 69276_112772.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12DP002246
- ЭКБ идентификаторы
- 69276
- Редакция идентификаторы
- 69276_112772
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:40
0 Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас
бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" N 749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 7- бабының 5-5) тармақшасына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Панфилов ауданы әкімдігінің 2011 жылғы 10 қазандағы "Панфилов ауданында бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2011 жылғы 14 қарашадағы тіркелген нөмірі N 2-16-142, "Жаркент өңірі" аудандық газетінің 2011 жылғы 21 қарашадағы 47-нөмірінде жарияланған) N 749 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы келесі редакцияда баяндалсын:
"Панфилов ауданында қылмыстық атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1-тармақ келесі редакцияда баяндалсын:
"1. Меншік құқығына қарамастан, Панфилов ауданының ұйымдары мен мекемелерінде, қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының жалпы санының бес процент мөлшерінде квота белгіленсін".
2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Раев Амантай Әбдіқадырұлына жүктелсін.
3 3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ:
04 желтоқсан 2012 жыл