О внесении изменений в решение акима Культабанского сельского округа от 10 ноября 2011 года № 10 "О наименовании улиц Культабанского сельского округа"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение акима Культабанского сельского округа от 10 ноября 2011 года № 10 "О наименовании улиц Культабанского сельского округа"
- Атауы (қаз.)
- Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 "Көлтабан селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 14
- Қабылданған күні
- 19.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2014 AI85340_0.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14CDD04125
- ЭКБ идентификаторы
- 85340
- Редакция идентификаторы
- AI85340_0
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:55
0 Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашадағы № 10 "Көлтабан селолық округінің көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына және Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 3 шілдедегі № 121-V «Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына және Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әртүрлі заңнамалық актілердің құқық нормалары арасындағы қайшылықтарды, олқылықтарды, коллизияларды және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды жою мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Конституциялық Заңына сәйкес, Көлтабан ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Көлтабан селолық округі әкімінің 2011 жылғы 10 қарашада № 10 «Көлтабан селолық округінің көшелеріне атау беру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3-4-134 тіркелген, 2011 жылғы 22 қарашадағы «Жем-Сағыз» аудандық газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің атауы мынадай жаңа редакцияда жазылсын: «Көлтабан ауылдық округінің кейбір елді мекендерінің атаусыз көшелеріне атаулар беру туралы»;
шешімнің мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша «селолық», «селосына» сөздері тиісінше «ауылдық», «ауылына» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Көлтабан ауылдық округі әкімі
С.Бітімбай