Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Oб утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"

Қаулы · № 1142 · қабылданған 24.10.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 27.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2011-no-120-o/on/2026-08-27/
Басып шығарылды 2026-08-27 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Oб утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации" Күшін жойған Қаулы ·№ 1142 ·24.10.2013
20.08.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
27.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 20.08.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Oб утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1142 · 27.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Oб утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"
Атауы (қаз.)
"Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1142
Қабылданған күні
24.10.2013
Көрсетілген редакция
20.08.2015 AI74919_2.kaz
Соңғы өзгеріс
20.08.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P1300001142
ЭКБ идентификаторы
74919
Редакция идентификаторы
AI74919_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 22:02

0 "Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:
мынадай мазмұндағы 6-1, 7-1-тармақтармен толықтырылсын:
«6-1. Геологиялық зерделену картограммасында: келісімшарттық аумақтың пішіні және бұрыштық нүктелерінің географиялық координаттары; келісімшарттық аумақта бұрын орындалған барлық геологиялық зерттеулердің пішіні көрсетілуге тиіс.
Келісімшарттық аумақта орындалған барлық геологиялық-барлау жұмыстары осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарының түгендеу ведомосына (бұдан әрі - түгендеу ведомосы) енгізіледі.
Түгендеу ведомосынан объекті(лер)де жүргізілген нақты жұмыстар алынып тасталады және осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша олар нақты шығындары тарихи шығындардың есебінен толық алынып тасталатын геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтамаға (бұдан әрі - алып тастау туралы анықтама) енгізіледі.
Түгендеу ведомосындағы қалған объекті(лер) бойынша жұмыстар осы Қағидаға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған геологиялық-барлау жұмыстарының шығындарының бір бөлігін есептеу туралы анықтамаға (бұдан әрі - есептеу туралы анықтама) енгізіледі.
Есептеу туралы анықтама тарихи шығындардың есебі үшін бастапқы құжат болып табылады.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша жинақталады (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде). Уәкілетті органның аумақтық орган(дар)ы объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындар есебін (бұдан әрі - тарихи шығындар есебі) осы Қағидаға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімдейді.»;
«7-1. Мүдделі тұлғаның сұратуы негізінде Қазақстан Республикасының жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы және мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптары сақталған жағдайда және геологиялық немесе тау-кендік бөлуге сәйкес уәкілетті органның тапсырмасы бойынша әрбір объект бойынша тарихи шығындар есебін тиісті аумақтық орган(дар) жеті жұмыс күні ішінде жүргізеді.»;
9, 11, 13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Барлауды немесе бірлескен барлауды және өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауы учаскесі, сондай-ақ барлауға арналған келісімшарт негізінде кен орнын айқындаған және бағалаған және тікелей келіссөздер негізінде, конкурс өткізбей, өндіруге арналған келісімшартты жасауға айрықша құқығы бар жер қойнауын пайдаланушы бойынша тарихи шығындар геологиялық бөлу шегінде есептеледі және геологиялық бөлудің алаңына барабар көлемдегі, өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Конкурс жеңімпазына немесе тікелей келіссөздер негізінде өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығын алған тұлғаға тарихи шығындар тау-кендік бөлу шегінде есептеледі және өңірлік геологиялық-геофизикалық (іздеу-бағалау жұмыстары алаңының шегінде орындалған), іздеу және іздеу-бағалау жұмыстарын, барлауды, қапталдар мен терең горизонттарды жете барлауды, технологиялық зерттеулерді, өнеркәсіптік алаңдардың кенсіздігін зерттеуді, болашақ өндіруші кәсіпорынды сумен жабдықтауға арналған гидрогеологиялық зерттеулерді, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, тәжірибелік-конструкторлық және жер қойнауы учаскесін зерделеуге байланысты басқа да зерттеулерді қамтиды.
Егер өндіру жүргізу үшін жер қойнауын пайдалануға кен орындары қорларының бір бөлігі берілген болса, онда тарихи шығындар кен орындарының жалпы қорларынан осы қорлардың осы бөлігіне барабар есептеледі.»;
«11. Тарихи шығындар жұмыстардың жүргізілген жылдары бойынша (1961 жылға дейін орындалған жұмыстар, 1961 - 1990 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстар және одан әрі әрбір келесі жыл шегінде) жұмыс түрлері бойынша жинақталады. Осы Қағидаға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша геологиялық барлау жұмыстарының тиісінше мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған құнының салаішілік индекстерінің өзгеруі өткен жылдардың шығындарын 1996 жылғы бағаға қайта есептеуге негіз болады.
1961 жылға дейінгі шығындарды 1961 - 1990 жылдардағы бағаға қайта есептеу үшін шығындар он есе азайтылады. Шығындарды теңгеге қайта есептеу үшін 1961 - 1990 жылдардағы рубль шығындары 0,002 коэффициентіне көбейтіледі.
1961 жылға дейін жүргізілген геологиялық барлау және басқа да жұмыстардың шығынын 1996 жылғы бағаға (теңге) қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш96 = Өжш х И 91 х 0,002 х И96, мұнда:
10
Тш96 - 1996 жылғы бағамен тарихи шығындар;
Өжш - өткен жылдардың шығындары;
И 91 - 1991 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1990 жылғы бағаға өзгеру индексі;
0,002 - теңгеге аудару коэффициенті;
И 96 - 1996 жылғы геологиялық барлау жұмыстары құнының 1991 жылғы бағаға өзгеру индексі.
1961 жылдан 1990 жылға дейінгі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х И91 х 0,002 х И96
1991 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002 х И96
1992 жылдан бергі шығындарды 1996 жылғы бағаға қайта есептеу қайта есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
Тш 96 = Өжш х 0,002: И(92-95) х И96,
мұнда: И(92-95) - жылдар бойынша геологиялық барлау жұмыстары құнының өзгеру индекстері (0,002 коэффициенті ұлттық валюта енгізілгеннен кейін қолданылмайды).
1996 жылғы бағамен тарихи шығындар 1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. 1996 жылдан кейін мемлекет шеккен тарихи шығындар атқарылған жұмыстар бойынша шығындарды есептен шығару күнгі бағам бойынша АҚШ долларына аударылады. Тарихи шығындардың есебін дайындау кезінде АҚШ долларымен алынған шығынның құны ағымдағы бағам бойынша ұлттық валютаға аударылады.»;
«13. Мемлекет қаражатынан алынбаған, бірақ мемлекеттің меншігіндегі геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшін нәтижесінде геологиялық ақпарат алынған геологиялық барлау жұмыстарына арналған шығындардың сомасынан барлауға арналған пайыздық ставкалар осы Қағиданың 12-тармағында белгіленген тәртіппен қолданылады.
14. Құпиялылық туралы келісімдерде геологиялық ақпараттың құны Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында көрсетіледі.»;
осы қаулыға 1, 2, 3, 4, 5-қосымшаларға сәйкес 1, 2, 3, 4, 5-қосымшалармен толықтырылсын.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу ведомосы

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына
1-қосымша
Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
1-қосымша
Бекітемін
__________________________
(Аумақтық бөлімше)
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №
Объектіде жүргізілген геологиялық-барлау жұмыстарын түгендеу ведомосы
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­ші­ні­нің №№, Тү­ген­деу нө­мі­рі
Жұ­мыстар­дың ата­уы, кө­ле­мі, гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­л­ген жыл, орын­да­у­шы ме­ке­ме, есеп­тің ав­тор­ла­ры
Алаң­ның ко­ор­ди­нат­та­ры шар­шы км
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның негіз­гі нәти­же­ле­рі
Орын­дал­ған жұ­мыстар кө­ле­мі және олар бой­ын­ша шы­ғын­дар
Фи­зи­ка­лық кө­лем
Қар­жы­лық шы­ғын­дар
1
2
3
4
5
6
7
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

4 Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына
2-қосымша
Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
2-қосымша
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындар есебінен геологиялық-барлау жұмыстарын алып тастау туралы анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­шін­нің №№, тү­ген­деу нө­мі­рі
Қар­жы­лық шы­ғын­дар
Алып та­стау се­беп­те­рі
1
2
3
4
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

5 Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған, геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін есептеу туралы анықтама

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына
3-қосымша
Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
3-қосымша
Келісімшарттық аумақ бойынша тарихи шығындарға жатқызылған, геологиялық-барлау жұмыстарына арналған шығындар бөлігін есептеу туралы анықтама
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Р/с

Пі­шін­нің №№, тү­ген­деу нө­мі­рі
Жал­пы ауда­ны, шар­шы км
Ке­лі­сім­шар­ттық аум­ақ­қа жат­қы­зы­ла­тын алаң, шар­шы км неме­се гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның фи­зи­ка­лық кө­ле­мі­нің %-ы
Жал­пы ауда­ны­нан % неме­се гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның фи­зи­ка­лық кө­ле­мі­нен %
Жал­пы шы­ғын­дар
Ке­лі­сім­шар­ттық аум­ақ­қа жат­қы­зы­ла­тын шы­ғын­дар
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның жүр­гі­зі­л­ген жы­лы
1
2
3
4
5
6
7
8
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

6 Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындардың есебі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына
4-қосымша
Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
4-қосымша
Бекітемін
__________________________
(Аумақтық бөлімше)
басшысы __________________
(Т.А.Ә. қолы, мөр)
2013 ж. «   »         №
Объект бойынша геологиялық-барлау жұмыстары бойынша тарихи шығындардың есебі
Келісімшарттық аумақтың координаттары
Келісімшарттық аумақтың ауданы ______________________ шаршы км
Жер қойнауын пайдаланушы/жеке немесе заңды тұлға       Келісімшарт №
(құзырлы органда
тіркелген күні)
Тарихи шығындардың есебі ____________________________________________
(аумақтық бөлімшенің атауы)
_____________________________________________________________________
тау-кендік/геологиялық бөлудің нөмірі, тіркеу күні, уәкілетті
органның хаты)
тау-кендік/геологиялық бөлудің және уәкілетті органның рұқсаты
негізінде жүргізілді.
Түгендеу ведомосында (Қағидаға 1-қосымша) көрсетілген
геологиялық-барлау жұмыстарынан тарихи шығындарды есептеу кезінде
жұмыстар алынып тасталды (Қағидаға 2-қосымша).
Қалған жұмыстар бойынша шығындар лицензияланатын объектіге
лицензияланатын ауданға барабар түрде жатқызылады (3-қосымша).
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары төмендегіні құрайды.
Р/с

Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры жүр­гі­зі­л­ген жыл
Өт­кен жыл­дар­дың шы­ғын­да­ры
Есеп­теу фор­му­ла­сы
Гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры­ның шы­ғын­да­ры, мың тең­ге
1
2
3
4
5
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар мен су­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры
1.
1961 жы­л­ға дей­ін
Өжш
х1,45­хО,002,И96/10=
2.
1961-1990
Өжш
х1,45­хО,002,И96=
3.
1991-1996
Өжш
хО,002,И96=
4.
1992-1996
Өжш
х0,002:И(92-95)хИ96=
5.
1996
Өжш
х1,0=
Мұ­най мен газ­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры (те­рең бұр­ғы­лау) ұқсас
1
2
3
4
5
Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры ұқсас
1
2
3
4
5
Гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар ұқсас
1
2
3
4
5
1997 жы­л­ғы 1 қаң­тар­да­ғы ба­ға­мен жиы­ны:
1997 жылғы 1 қаңтардағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары 73,95
теңгені құрағанда, геологиялық-барлау жұмыстарының тарихи шығындары
АҚШ долларымен
_____________________________________________________________________
(теңгені АҚШ долларына аудару)
құрайды.
_____________________________________________________________________
(атауы)
(кен орнының, аймағының, өңірінің, ауданының) алаңындағы геологиялық-
барлау жұмыстары бойынша шығындар
___________________________________________ мың АҚШ долларын құрайды.
Келісімшарттық аумаққа жатқызылған геологиялық-барлау
жұмыстарының тарихи шығындары ағымдағы бағам бойынша 1 АҚШ доллары
________ теңгені құрағанда, ____________________ мың теңгені құрайды.
Аумақтық органның орындаушысы               Т.А.Ә. __________________
(қолы)

7 Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік индекстері

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 24 қазандағы
№ 1142 қаулысына
5-қосымша
Тарихи шығындарды және
геологиялық ақпарат құнын
айқындау қағидасына
5-қосымша
Мұнай мен газға, қатты пайдалы қазбалар мен суға, геофизикалық және ғылыми-зерттеу жұмыстарына арналған геологиялық-барлау жұмыстарының құны өзгеруінің салаішілік индекстері
Р/с

Ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі­нің жы­лы
Қат­ты пай­да­лы қаз­ба­лар мен су­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры
Мұ­най мен газ­ға ар­нал­ған гео­ло­ги­я­лық-бар­лау жұ­мыста­ры (те­рең бұр­ғы­лау)
Ғы­лы­ми-зерт­теу жұ­мыста­ры
Гео­фи­зи­ка­лық жұ­мыстар
Жыл­дар бой­ын­ша ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
1
2
3
4
5
6
7
1
1,45
1,45
1,45
1,45
1,45
2
4,53
5,22
2,24
3
11,4
11,4
6,7
4
30,12
29,023
14,48
5
1992 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
14,36
14,31
7,53
13,8
6
95,68
98,26
54,33
7
109,31
113,48
75,5
8
165,15
191,25
87,73
9
417,7
793,4
290,46
10
1993 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
206,3
312,1
129
251,5
11
593,7
721,2
363,1
396,5
12
1418,5
1624,9
848,5
1111,5
13
3887,6
4506,6
1858,6
2956,3
14
6251,9
6936,9
2634,2
4333
15
7261,5
9806,7
4554
6062,3
16
1994 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
4430,4
5403,3
2349,2
3402,45
4628,6
17
8782
15935
7946
6961
18
9118
16312
8419
7313
19
11156
20392
11448
9044
20
1995 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
10081
18289,2
9854,7
8119,8
13575,6
21
11856
21350
13063
11731
22
13415
26301
14540
13427
23
1996 жы­л­ғы ор­та­ша өл­шем­дел­ген ин­дек­сі
12460,5
23586
13397,75
11907,25
17496

Қолданыстағы