О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 10 февраля 2011 года № 120 "Об утверждении Правил определения исторических затрат и стоимости геологической информации"
- Атауы (қаз.)
- "Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 30
- Қабылданған күні
- 27.01.2014
- Көрсетілген редакция
- 20.08.2015 AI77051_2.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 20.08.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1400000030
- ЭКБ идентификаторы
- 77051
- Редакция идентификаторы
- AI77051_2
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:03
0 "Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. «Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 10 ақпандағы № 120 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 19, 231-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тарихи шығындарды және геологиялық ақпарат құнын айқындау қағидасында:
12 12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
12 «12. Өндіруге және бірлескен барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құнын айқындау үшiн тарихи шығындар сомасынан пайыздық ставкалар қолданылады. Пайыздық ставкалар пайдалы қазбалардың түрiне байланысты сараланады:
Көмiрсутек шикiзаты:
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 3 %.
Қатты пайдалы қазбалар (кең таралған пайдалы қазбаларды қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2 %, өндiру – 2,5 %.
Жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда):
барлау және өндiру – 2,5 %, өндiру – 4 %.
Барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде геологиялық ақпараттың құны мынадай формула бойынша айқындалады:
геол. ақпар.= Каек х Sкелісімш. аум. х Кт, мұнда:
геол. ақпар. – геологиялық ақпараттың құны;
Каек – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша айлық есептік көрсеткіш коэффициенті;
Sкелісімш. аум. – келісімшарт аумағының жалпы алаңы;
Кт – пайдалы қазбалардың түрлері бойынша түзету коэффициенті;
Айлық есептік көрсеткіш коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 310 АЕК;
қатты пайдалы қазбалар – 150 АЕК;
кең таралған пайдалы қазбалар – 100 АЕК;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 50 АЕК.
Түзету коэффициенті пайдалы қазбалардың түрлеріне байланысты сараланады:
көмірсутек шикізаты – 0,01;
қатты пайдалы қазбалар – 0,015;
кең таралған пайдалы қазбалар – 0,015;
жер асты сулары (емдiк балшықты қоса алғанда) – 0,015.
Барлауға құқықты алу кезінде айқындалған геологиялық ақпарат құны өндіруге немесе бірлескен барлауға және өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығын алу кезінде айқындалатын геологиялық ақпарат құнына кірмейді.
Жер қойнауын пайдаланудан бос объекті бойынша геологиялық ақпарат сатып алынған жағдайда, ақпараттың бір бірлігінің құны бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айқындалады.».