О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 июня 2011 года № 383 "Об утверждении Положения о наркологической организации для принудительного лечения и Правил внутреннего распорядка в наркологической организации для принудительного лечения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 июня 2011 года № 383 "Об утверждении Положения о наркологической организации для принудительного лечения и Правил внутреннего распорядка в наркологической организации для принудительного лечения"
- Атауы (қаз.)
- "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 770
- Қабылданған күні
- 03.11.2011
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 62105_496941.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1100007316
- ЭКБ идентификаторы
- 62105
- Редакция идентификаторы
- 62105_496941
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 04:18
0 "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертiне шалдыққан ауруларды ерiксiз емдеу туралы» 1995 жылғы 7 сәуiрдегі № 2184 Қазақстан Республикасының Заңына және, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 32-бабының, 3-тармағының, 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдардағы ішкі тәртіп қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7048 тіркелген және «Юридическая газета» газетінде 2011 жылғы 4 тамыздағы № 111 (2101) жарияланған) 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдар туралы қағидасында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Наркологиялық ұйым мен оның жұмыс режимі алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын наркологиялық науқастардың (бұдан әрі - наркологиялық науқастар) психикалық жағдайын өзгертетін заттардың (алкоголь, есірткілер, психикаға белсенді әсер ететін басқа да заттар) наркологиялық ұйым аумағына кіруін мүлдем болдырмайды».
9-тармақ мына редакцияда жазылсын:
9. Наркологиялық ұйымдар мынадай міндеттерді орындайды:
1) соттың шешімі бойынша наркологиялық науқастарға мәжбүрлеп емдеуді оңалтуды қолдана отырып, оларды қабылдау, диагностикалау, емдеуді жүзеге асыру;
2) наркологиялық науқастарды диагностикалау мен емдеудің, оңалтудың жаңа ұйымдастыру нысандарын, қазіргі заманғы құралдары мен әдістерін игеру және практикаға енгізу;
3) наркологиялық науқастарды емдеу және динамикалық бақылау мәселерінде наркологиялық ұйымдармен сабақтастықты қамтамасыз ету;
4) тәрбиелік және емдеу мақсатындағы еңбек терапиясын жүзеге асыру».
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
10. Наркологиялық ұйымдар мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) соттың шешімімен мәжбүрлеп емдеуге арналған қолдана отырып емдеу үшін жатқызылған наркологиялық науқастарға консультация, уақтылы диагностикалық, емдеу іс-шараларын өткізу;
2) осы бұйрыққа, 6-тармаққа сәйкес есепке алу және есептілік құжаттарын жүргізу;
3) көрсетілген диагностикалық, емдеу көмектерінің тиімділіктеріне талдау жасау;
4) психикалық белсенді заттарды тұтынудың салдарынан психикалық және мінез-құлықтық бұзылулары бар науқастарды шығару, емделіп шығушы науқастарға одан әрі динамикалық бақылау жасау мен емдеуде сабақтастық болуы үшін мәліметтер беру мәселелері бойынша наркологиялық ұйымдармен тұрақты өзара іс-қимылда қолдау көрсету;
5) осы бұйрыққа 6-тармаққа сәйкес есепке алу құжаттарын статистикалық өңдеу негізінде наркологиялық ұйымда наркологиялық науқастарға емдеу көмегінің жағдайына жыл сайынғы мониторинг жүргізу;
6) бақылау-өткізу тәртібін, сыртқы күзетті, науқастарды жоспарлы және кезектен тыс тексеруді және құқыққа қайшы келетін іс-әрекеттердің уақтылы жолын кесуді ұйымдастыру жолымен науқастардың күзетуін қамтамасыз ету;
7) наркологиялық ұйым көлемінде еңбек терапиясын ұйымдастыру жолымен мәжбүрлеп емдеудегі наркологиялық науқастарға емдеу-еңбек ету арқылы ықпал етуді жүзеге асыру;
8) қашудың, дене жарақаттарын салудың, режимді жаппай бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру».