О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 июня 2011 года № 383 "Об утверждении Положения о наркологической организации для принудительного лечения и Правил внутреннего распорядка в наркологической организации для принудительного лечения"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения Республики Казахстан от 10 июня 2011 года № 383 "Об утверждении Положения о наркологической организации для принудительного лечения и Правил внутреннего распорядка в наркологической организации для принудительного лечения"
- Атауы (қаз.)
- "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 88
- Қабылданған күні
- 17.02.2012
- Көрсетілген редакция
- 08.12.2020 64582_496939.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1200007456
- ЭКБ идентификаторы
- 64582
- Редакция идентификаторы
- 64582_496939
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 03:02
0 "Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Алкоголизмге, нашақорлық пен уытқұмарлық дертіне шалдыққан ауруларды еріксіз емдеу туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 7 сәуірдегі № 2184 Заңына, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі кодексінің 32-бабының 3-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым туралы ережені және Мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымдағы ішкі тәртіп ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 10 маусымдағы № 383 бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 27 маусымда № 7048 тіркелген, 2011 жылғы 4 тамызда № 111 (1927) «Заң газетінде» жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Аталған бұйрыққа 1-қосымшада 10-тармақтың 7) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«7) «алкоголизммен, нашақорлықпен және уытқұмарлықпен ауыратын науқастарды мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйымның аумағынан шығару тек емдеу-диагностикалық, оңалту іс-шараларын жүргізу және еңбек қызметін жүзеге асыру үшін медициналық персоналдың, күзет қызметкерлерінің немесе мәжбүрлеп емдеуге арналған наркологиялық ұйым өкілдерінің бірге ілесіп жүруімен ғана рұқсат етіледі;»».
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті (А.Ғ. Төлеғалиева) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі және мемлекеттік сатып алу департаменті (Е.Р. Әмірғалиев) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялауды қамтамасыз етсін.