О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 10 января 2012 года № А-1/8 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Целиноградском районе"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Целиноградского района от 10 января 2012 года № А-1/8 "Об установлении квоты рабочих мест для лиц, освобожденных из мест лишения свободы и для несовершеннолетних выпускников интернатных организаций в Целиноградском районе"
- Атауы (қаз.)
- Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 10 қаңтардағы № А-1/8 "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- А-4/369
- Қабылданған күні
- 19.10.2012
- Көрсетілген редакция
- 19.04.2016 68570_161201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12BQ003487
- ЭКБ идентификаторы
- 68570
- Редакция идентификаторы
- 68570_161201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 01:08
0 Целиноград ауданы әкімдігінің 2012 жылдың 10 қаңтардағы № А-1/8 "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 7 бабының 5-5) және 5-6) тармақшаларына, "Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Целиноград ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. "Целиноград ауданы бойынша бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" 2012 жылдың 10 қаңтардағы № А-1/8 Целиноград ауданы әкімдігінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-17-165 болып тіркелген, 2012 жылғы 17 ақпанда "Ұран" аудандық газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда баяндалсын:
"Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдар үшін, сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және интернаттық ұйымдарды бітіруші кәмелетке толмағандар үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы";
1 тармағы жаңа редакцияда баяндалсын:
"1. Целиноград ауданы бойынша қылмыстық-атқару инспекциясының пробация қызметінде тіркелген адамдар үшін және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін және кәмелетке толмаған интернаттық ұйымдарды бітірушілер үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін".