О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 10 мая 2012 года № 2/424 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача ветеринарного паспорта на животное"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в постановление акимата города Алматы от 10 мая 2012 года № 2/424 "Об утверждении регламента государственной услуги "Выдача ветеринарного паспорта на животное"
- Атауы (қаз.)
- Алматы қаласы әкімдігінің "Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру" мемлекеттік қызметін көрсету Регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 мамырдағы № 2/424 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4/902
- Қабылданған күні
- 25.10.2013
- Көрсетілген редакция
- 21.07.2014 75337_138412.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.07.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13R0001012
- ЭКБ идентификаторы
- 75337
- Редакция идентификаторы
- 75337_138412
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 22:01
0 Алматы қаласы әкімдігінің "Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру" мемлекеттік қызметін көрсету Регламентін бекіту туралы" 2012 жылғы 10 мамырдағы № 2/424 қаулысына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы», 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңдарына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Алматы қаласы әкімдігінің «Жануарға ветеринариялық төлқұжат беру» мемлекеттік қызметін көрсету Регламентін бекіту туралы» 2012 жылғы 10 мамырдағы № 2/424 қаулысына (2012 жылғы 9 маусымда «Алматы ақшамы» және «Вечерний Алматы» газеттерінде жарияланған, нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 937 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспедегі «Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы «Әкімшілік рәсімдер туралы» Заңының 9-1 бабының 4 тармағына» сөздері «Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16 бабының 3 тармағына» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. Алматы қаласы Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық даму және ауыл шаруашылығы басқармасы осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің орынбасары Е. Шормановқа жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Енгізуші:
Алматы қаласы
Кәсіпкерлік, индустриалды-инновациялық
даму және ауыл шаруашылығы
басқармасының басшысы
А. Балова
Келісілді:
Алматы қаласы әкімінің
орынбасары
Е. Шорманов
Алматы қаласы әкімі аппараты
заң бөлімінің басшысы
А. Қасымова
Мемлекеттік қызметтерді көрсету
сапасының сақталуын бақылау
бөлімінің басшысы
М. Сүйіндіков