Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Ереже · № 11-3/1 · қабылданған 01.03.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-3-55-ekb-71752/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 11-3/1 ·01.03.2013
24.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 11-3/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
11-3/1
Қабылданған күні
01.03.2013
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI71752_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13VO002919
ЭКБ идентификаторы
71752
Редакция идентификаторы
AI71752_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:34

0 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Заңының 97-бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгерiс пен толықтыру енгiзу туралы" 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Мәслихаттың "Тұрғын үй көмегін көрсету тәртібі және мөлшері туралы Ережені бекіту туралы" 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 24 сәуірінде 5-15-105 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 34-35 аудандық "Жұлдыз" және "Новая жизнь" газетiнде жарияланған) шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін белгілеу ережесінде:
2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;
2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;
3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;
4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.";
4 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үйдi пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарға, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға, жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.";
6 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.
Коммуналдық қызметтердi жеткiзушiлер уәкiлеттi органға табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органмен келiсiлген коммуналдық қызметтерге тарифтердi, олардың өзгерiстерiн ұсынады. Тұрғын үй көмегiн есептеу кезiнде қызмет көрсетушiлермен ұсынылған жылудың шығындалуы тұрғын үй алаңының әлеуметтiк нормалары шегiнде есепке алынады.";
10-тармақ мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот.";
13 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"13. Тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, электр жүйесiмен, газбен қамтамасыз етуге, лифттерге қызмет көрсетуге арналған шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсанға орта есеппен ескерiледi. Сумен қамтамасыз ету, су бұру, жылу энергиясы, қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару, телекоммуникация қызметтерi үшiн шығыстар қызмет көрсетушiлердiң тарифтерi бойынша ескерiледi.
Жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде) тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге шығыстар өтiнiш берген тоқсанның алдындағы тоқсан үшін нақты шығындар бойынша есептеледі. Жергiлiктi жылумен жылытылатын жеке тұрғын үй үшін есептеуiштiң құнын төлеуге шығыстар өтiнiш берген айдың алдындағы соңғы 12 ай ішіндегі нақты шығындар бойынша есептеледі.".

2

2. Осы шешімнің 1-тармағының 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгiзiлетiн сегізінші, он бесінші абзацтарын және осы шешімнің 1-тармағының оныншы және он екінші абзацтарының жекешелендірілген тұрғын жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдік сыныбы 2,5 электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің орнына орнатылатын тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығысын саралап есепке алатын және бақылайтын дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету туралы ережелерін қоспағанда, осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы