Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Ереже · № 22-6/1 · қабылданған 03.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-3-55/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи" Күшін жойған Ереже ·№ 22-6/1 ·03.04.2014
24.12.2014 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.12.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"

Күшін жойған Ереже ·№ 22-6/1 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в решение Кокпектинского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 3-5/5) "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи"
Атауы (қаз.)
Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
22-6/1
Қабылданған күні
03.04.2014
Көрсетілген редакция
24.12.2014 AI79327_2.kaz
Соңғы өзгеріс
24.12.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14VO003255
ЭКБ идентификаторы
79327
Редакция идентификаторы
AI79327_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 20:13

0 Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) "Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43 бабының 1 тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 қаулысына сәйкес Көкпекті аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1

1. Көкпекті аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 3-5/5) «Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылдың 24 сәуірінде 5-15-105 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 34-35 аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетiнде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібі туралы Қағидасын бекіту туралы»;
шешімнің және қосымшалардың мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтіні бойынша "Ережесі", «Ереже», «Ережелер», «Ережеде», «Ереженің», «Ережесіне» деген сөздер тиісінше "Қағидасы", "Қағида", "Қағидалар", "Қағидада", "Қағиданың", "Қағидасына" деген сөздермен ауыстырылсын;
көрсетілген шешіммен бекітілген тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібінің Ережесінде:

5 5 тармақ келесі редакцияда жазылсын:

5

«5. Тұрғын үйді ұстау және коммуналдық қызметті тұтыну ақысының рұқсат етілген шекті шығын үлесі отбасының жиынтық табысының 20 пайызы мөлшерінде белгіленеді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (азаматтың) жиынтық табысын уәкілетті орган есептейді. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді.»;
10 тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

3 «3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын ауылдық әкімдердің анықтамасы;».

2 2. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы