Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"

Ереже · № 109 · қабылданған 13.02.2013
Заңдық күші: Күшін жойған · 30.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-31-ekb-71492/on/2026-08-30/
Басып шығарылды 2026-08-30 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района" Күшін жойған Ереже ·№ 109 ·13.02.2013
26.12.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
30.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"

Күшін жойған Ереже ·№ 109 · 30.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"
Атауы (қаз.)
Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
109
Қабылданған күні
13.02.2013
Көрсетілген редакция
26.12.2024 71492_740989.kaz
Соңғы өзгеріс
26.12.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V13KJ002221
ЭКБ идентификаторы
71492
Редакция идентификаторы
71492_740989
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 23:44

0 Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:

1

1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" N 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 8-10-148 болып тіркелген, "Тоқырауын тынысы" 2012 жылғы 18 мамырдағы N 22 (7339) газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің (бұдан әрі - Ереже) 7 және 8 тармақтары алынып тасталынсын;
Ереженің 2 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
"2. Тұрғын үй көмегi жергiлiктi бюджет қаражаты есебiнен осы елдi мекенде тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):

1 1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттiк тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлердi) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға жұмсалатын шығыстарға;

2 2) тұрғын үйдiң меншiк иелерi немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтердi және телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметтерiн тұтынуына;

3 3) жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысын төлеуге;

4 4) жекешелендiрiлген үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге берiледi.

Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегiн есептеуге қабылданатын шығыстары жоғарыда көрсетiлген бағыттардың әрқайсысы бойынша шығыстардың сомасы ретiнде айқындалады. Аталған жерлерде тұрақты тұратын адамдарға тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерiн айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу, сондай-ақ жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларында (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде пайдалануда тұрған дәлдiк сыныбы 2,5 электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң орнына орнатылатын тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге, жеткiзушiлер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегi бюджет қаражаты есебiнен көрсетiледi.";
Ереженің 11 тармағының 1) және 2) тармақшалары алынып тасталсын;
Ереженің 17 тармағы келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:
"4-1) жекешелендiрiлген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулiк уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдiк сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бiр фазалық есептеуiштiң құнын төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын түбiртек-шот;".

2 2. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Ақтоғай ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімінің бастығы
Т. Жармағанбетов
13 ақпан 2013 жыл

Қолданыстағы