О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Актогайского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 31 "Об утверждении Правил предоставления жилищной помощи населению Актогайского района"
- Атауы (қаз.)
- Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 198
- Қабылданған күні
- 10.04.2014
- Көрсетілген редакция
- 26.12.2024 79778_740991.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.12.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KJ002627
- ЭКБ идентификаторы
- 79778
- Редакция идентификаторы
- 79778_740991
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 20:08
0 Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-10-148 болып тіркелген, 2012 жылғы 18 мамырдағы № 22 (7339) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), Ақтоғай аудандық мәслихатының 2013 жылғы 13 ақпандағы "Ақтоғай аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі "Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" № 31 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" № 109 шешімімен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2221 болып тіркелген, 2013 жылғы 22 наурыздағы № 10 (7380) "Тоқырауын тынысы" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтоғай ауданының тұрғындарына тұрғын үй көмегiн көрсету Ережесiнің 2 тармағының 4) тармақшасы және 17 тармағының 4-1) тармақшасы алынып тасталсын.
2 2. Осы шешім оның бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2014 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таратылады.
КЕЛІСІЛДІ:
11 сәуір 2014 жыл