О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 10/62
- Қабылданған күні
- 10.12.2012
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2018 69284_374568.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V12MC002182
- ЭКБ идентификаторы
- 69284
- Редакция идентификаторы
- 69284_374568
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 00:32
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасының «Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы», 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» Қаулыларына сәйкес Бейнеу аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2012 жылғы 11 мамырдағы № 11-3-134 реттік санымен тіркелген, аудандық «Рауан» газетінің 2012 жылғы 17 мамырдағы № 20 (2043) санында жарияланған) шешіміне төмендегідей өзгеріс енгізілсін:
1 1. Шешіммен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету туралы қағидасының» 12 тармағы жаңа редакцияда қайта жазылсын:
«12. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) уәкілетті органға өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:
1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;
3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі;
4) отбасының табысын растайтын құжаттар;
5) тұрғын үйді ( тұрғын ғимаратты) күтіп – ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттар;
6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттар;
7) телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;
8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғы үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот;
9) жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде), жеке тұрғын үйде тұрып жатқандарға тәулік уақыты бойынша электр энергиясының шығынын саралап есепке алатын және бақылайтын, дәлдік сыныбы 1-ден төмен емес электр энергиясын бір фазалық есептеуіштің құнын төлеуге тұрғын үй көмегін көрсету жөніндегі шаралар қолданылатын түбіртек-шот.»
2 2. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау, заңдылық, құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына (комиссия төрағасы Н. Хайруллаев) жүктелсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Б.Өмірбеков
«10» желтоқсан 2012 жыл
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесінің бастығы
М.Нысанбаев
«10» желтоқсан 2012 жыл