Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Ереже · № 23/156 · қабылданған 21.04.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-423-ekb-80087/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)" Күшін жойған Ереже ·№ 23/156 ·21.04.2014
23.11.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.11.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"

Күшін жойған Ереже ·№ 23/156 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Атауы (қаз.)
Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
23/156
Қабылданған күні
21.04.2014
Көрсетілген редакция
23.11.2018 80087_374566.kaz
Соңғы өзгеріс
23.11.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14MC002418
ЭКБ идентификаторы
80087
Редакция идентификаторы
80087_374566
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 19:57

0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314, «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 1303 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде тіркелген № 11-3-134, «Рауан» газетінде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Шешіммен бекітілген «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасының» 12 тармағының 3) тармақшасы келесідей редакцияда жазылсын:
«3) азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі не мекенжай анықтамасы, не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын селолық және/немесе ауылдық әкiмдердiң анықтамасы;».

2

2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (комиссия төрағасы Н. Хайруллаев) жүктелсін.

4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының орынбасары
Б.Әзірханов
21 cәуір 2014 жыл
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Өмірбеков
21 сәуір 2014 жыл

Қолданыстағы