О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 "Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)"
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 28/192
- Қабылданған күні
- 24.11.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2018 85216_374564.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14MC002551
- ЭКБ идентификаторы
- 85216
- Редакция идентификаторы
- 85216_374564
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:52
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 "Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2012 жылғы 16 қазандағы № 1316 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес, Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімде № 11-3-134 болып тіркелген, «Рауан» газетінде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету қағидасында:
2 тармақтың 5 абзацы алынып тасталсын;
12 тармақтың 9) тармақшасы алынып тасталсын.
2
2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Қ.Еламанов) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді, оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды және «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Б.Әзірханов
24 қараша 2014 жыл
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Өмірбеков
24 қараша 2014 жыл