О внесении изменении в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменении в решение Бейнеуского районного маслихата от 10 апреля 2012 года № 4/23 «Об утверждении Правил оказания жилищной помощи малообеспеченным семьям (гражданам)»
- Атауы (қаз.)
- Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 11/95
- Қабылданған күні
- 27.03.2017
- Көрсетілген редакция
- 23.11.2018 111425_374572.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.11.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V17MC003333
- ЭКБ идентификаторы
- 111425
- Редакция идентификаторы
- 111425_374572
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 05:38
0 Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 ақпандағы №76 «Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы» 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 және «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы» 2012 жылғы 26 маусымдағы №856 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы» қаулысына сәйкес және Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2017 жылғы 10 наурыздағы №10-15-1529 ұсынысының негізінде Бейнеу аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Бейнеу аудандық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 4/23 «Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №11-3-134 болып тіркелген, «Рауан» газетінде 2012 жылғы 17 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Б.Өмірбеков) аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетуді Қағидаға сәйкес қамтамасыз етсін.»;
көрсетілген шешіммен бекітілген Аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсету Қағидасында:
3 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Тұрғын үй көмегін тағайындау «Бейнеу аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Уәкілетті орган) арқылы жүзеге асырылады.»;
12 тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат (көрсетілетін қызметті алушының жеке басын сәйкестендіру үшін ұсынылады);»;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) мекенжай анықтамасы не өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жерi бойынша тiркелгенiн растайтын ауыл әкiмдерінiң анықтамасы;».
2
2. «Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (Б.Түйешиев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркеуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Бейнеу аудандық мәслихатының әлеуметтік мәселелер, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі комиссиясына (Р.Тайшыбаев) жүктелсін.
4 4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Бейнеу аудандық жұмыспен қамту,
әлеуметтік бағдарламалар және
азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімі»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Б.Өмірбеков
«27» наурыз 2017 жыл
«Бейнеу аудандық экономика
және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі
басшысының міндетін атқарушы
Е.Қадіров
«27» наурыз 2017 жыл