О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск"
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/180
- Қабылданған күні
- 29.11.2013
- Көрсетілген редакция
- 29.11.2013 75945_134455.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.11.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V13KR002450
- ЭКБ идентификаторы
- 75945
- Редакция идентификаторы
- 75945_134455
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 21:45
0 Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы" қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1
1. Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы № 18 (251) "Приозерский вестник" газетінде жарияланған), қалалық мәслихатының 2013 жылғы 12 наурыздағы № 17/125 "Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" шешімімен өзгерістер мен толықтыру енгізілген (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 2304 болып тіркелген, 2013 жылғы 03 мамырдағы № 18/299 "Приозерский вестник" газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1) Ереженің 2-тармағының төртінші абзацында "төлеуге" сөзінен кейін ";" тыныс белгісі "." тыныс белгісімен ауыстырылсын;
2 2) Ереженің 2-тармағындағы бесінші абзацы алынып тасталсын;
3 3) Ереженің 3-тармағының бірінші абзацы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"3. Тұрғын үй көмегi Приозерск қаласында тұрақты тұратын, осы тұрғын үйде тiркелген отбасыларға (азаматтарға), егер тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға, коммуналдық қызметтердi тұтынуға, телекоммуникация желiсiне қосылған телефонға абоненттiк төлемақының өсуi бөлiгiнде байланыс қызметiне, жергiлiктi атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу төлемақысына өтемақылық шаралармен қамтамасыз етiлетiн тұрғын үй ауданы нормасының шегiнде, бiрақ нақты пайдаланатын жалпы ауданнан, және тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға және коммуналдық қызметтердi тұтыну, байланыс қызметтерiн төлеуге шығындар нормативтерiнен көп емес, осы мақсаттарға шектi-жол берiлетiн шығыстар үлесiнен асатын болса берiледi.";
4 4) Ереженің 18-тармағындағы 10-1) тармақшасы алынып тасталсын;
5 5) Ереженің 21-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
"21. Тұрғын үй көмегi телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшiн абоненттiк төлемақының, жеке тұрғын үй қорынан жергiлiктi атқарушы орган жалдаған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшiн жалға алу ақысының ұлғаюы бөлiгiнде тұрғын үйдi (тұрғын ғимаратты) күтiп-ұстауға арналған шығыстарды төлеуге тұрғын үй көмегiн көрсету жөнiндегi шаралар қолданылатын, коммуналдық қызметтер мен байланыс қызметтерiн тұтынуға нормалар шегiнде ақы төлеу сомасы мен отбасының (азаматтардың) осы мақсаттарға жұмсаған, шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейiнiң арасындағы айырма ретiнде айқындалады.".