О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Приозерского городского маслихата от 10 апреля 2012 года № 5/38 "Об утверждении Правил о размере и порядке оказания жилищной помощи населению города Приозерск"
- Атауы (қаз.)
- Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 37/262
- Қабылданған күні
- 23.09.2014
- Көрсетілген редакция
- 23.09.2014 83786_129812.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.09.2014
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14KR002802
- ЭКБ идентификаторы
- 83786
- Редакция идентификаторы
- 83786_129812
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 18:30
0 Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 "Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1997 жылғы 16 сәуірдегі «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы №2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысына сәйкес, қалалық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
1 1.
Приозерск қалалық мәслихатының 2012 жылғы 10 сәуірдегі № 5/38 «Приозерск қаласының тұрғындарына тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері және тәртібі туралы Ережесін бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8-4-278 болып тіркелген, 2012 жылғы 11 мамырдағы № 18 (251) «Приозерский вестник» газетінде жарияланған), келесі өзгерістер енгізілсін:
1 1)
Ереженің 18-тармағы келесі редакцияда мазмұндалсын:
«18. Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін өтініш беруші Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 «Тұрғын үй көмегiн көрсету ережесiн бекiту туралы» қаулысымен бекітілген, тұрғын үй көмегін көрсету Ережелерінің 4-тармағына сәйкес құжаттарды ұсынады.»;
2 2)
Ереженің 25 тармағы жаңа редакцияда мазмұндалсын:
«25. Тұрғын үй көмегі ақшалай немесе аударма түрінде беріледі. Аударма түрі – бұл ақша қаражаттарын қызмет көрсетушілердің есепшоттарына, сонымен қоса кондоминиум объектісін басқару органының (ағымдағы) жинақтаушы шоттарына аудару.
Тұрғын үй көмегін коммуналдық қызметтерді жеткізушінің есептік шотына аударуға мүмкіндік болмаған жағдайда (кәсіпорынның таратылуы, қайта ұйымдастырылуы, банк реквизиттерінің өзгеруі, қатты отынға, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттiк төлемақы тарифiнiң көтерiлуiне байланысты ақы төлеу), ол өтініш иесіне қызмет көрсететін басқа жеткізушілердің арасында үлестіріледі немесе ақшалай төленеді. Ақшалай түрі екінші деңгейдегі банктер немесе Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің осы операцияны жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымдар арқылы азаматтардың жеке есеп шоттарына аудару жолымен ақшалай төлемдер түрінде белгіленеді. Жеке шоттарға аудару үшін өтініш беруші екінші деңгейдегі банкте немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің лицензиясы бар ұйымда ашылған жеке шотты ұсынуы тиіс.».
2 2.
Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік–мәдени даму және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
3 3.
Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.