Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"

Бұйрық · № 412 · қабылданған 24.09.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-9-ekb-84549/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан" Күшін жойған Бұйрық ·№ 412 ·24.09.2014
30.12.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.12.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 412 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении Методики оценки эффективности управления бюджетными средствами государственного органа и Методики оценки эффективности управления денежными средствами Национального Банка Республики Казахстан"
Атауы (қаз.)
"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
412
Қабылданған күні
24.09.2014
Көрсетілген редакция
30.12.2016 AI84549_2.kaz
Соңғы өзгеріс
30.12.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14E0009870
ЭКБ идентификаторы
84549
Редакция идентификаторы
AI84549_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:29

0

"Мемлекеттік органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. "Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7381 болып тіркелген, Заң газетiнде 2012 жылғы 17 мамырда № 70 (2252) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттiк органның бюджет қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiнде:

6 6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

6 6. Тиімділікті бағалау:

1 "1) орталық мемлекеттік органдардың төмен тұрған бюджеттеріне бөлінген субвенциялардан, бөлінетін бағдарламалардан, нысаналы трансферттерден және кредиттерден басқа, барлық бюджеттік бағдарламалар.

Бұл ретте бөлінетін бағдарламалар белгіленген тәртіпте шығыстар бөлінетін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бағалануына жатады.

2 2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша жүзеге асырылады.";

10-тармақта:

1 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"инвестициялық жобалар бойынша қалыптасқан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу;";

2 2) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

2 "2) "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексеру қорытындылары бойынша бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийi бойынша:

тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
есептi кезеңдегi тексерулер саны;
бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
бюджет қаражатын және мемлекеттiң активтерiн пайдалану кезiнде;
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
Бұдан әрi есептi кезеңде бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемiнен бұзушылықтардың үлесi келтiрiледi.
Мемлекеттiк органда анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтардың жалпы сомасы мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған бұзушылықтарды қосу жолымен айқындалады.
Бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының көлемi мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылаумен қамтыған қаражат көлемдерiн қосу жолымен айқындалады.
Мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
Мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы;";

3 3) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"Мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот талқылауларына байланысты өтеуге жататын сомаларды қоспағанда);";

4 4) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары бөлінісінде, оның ішінде бөлінетін бюджеттік бағдарламалардан қаражат алынған бағдарламалар бойынша тікелей нәтижелерге қол жеткізу көрсеткіштері көрсетіледі, ал облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша тікелей нәтижелердің көрсеткіштері себептері көрсетіле отырып, тікелей нәтиже көрсеткіштеріне қол жеткен немесе ішінара қол жеткен бюджеттік инвестициялық жобалар бөлінісінде көрсетіледі;
себептерін көрсете отырып, тікелей нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілмеген бюджеттік бағдарламалар тізбеленеді.";

4 4) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

"мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалардың нәтижелік көрсеткіштерін және/немесе стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларын олардың болуына немесе болмауына талдауды жүзеге асырылады;";

13 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

"Тиісті қаржы жылына бөлінген қаражатты игеру" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң бюджеттiк бағдарламалары/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органының тиiстi қаржы жылына арналған бюджеттiк даму бағдарламалары бойынша бюджет қаражатының атқарылу пайызын көрсетедi.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органның игерілмеген қаражат сомасынан мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу сомасы алынып тасталады.
"Инвестициялық жобалар бойынша қалыптасқан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша қаражатты үнемдеу" бағалау көрсеткіші бойынша есепті қаржы жылы бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бекітілген бюджетіне есепті кезең ішінде қалыптасқан мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша үнемдеу есебінің үлесінде жасалады.
Орталық мемлекеттік органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі ақпаратты бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу саласындағы іске асыру функцияларын орталық атқарушы органның құзыреті шегінде жүзеге асыратын ведомство ұсынады.
Бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсi бойынша тікелей нәтиженің балы Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес айқындалады.
Жергiлiктi атқарушы органдар бойынша осы көрсеткіш жөніндегі бағалау барлық бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi бойынша орташа балл түрiнде айқындалады.
"Шығыстардың бекітілген көлеміне бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің қайта бөлінген қаражатының көлемі" көрсеткіші бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша бағалау бюджет қаражатының азаюы бөлігінде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бекітілген бюджетінің жалпы көлеміндегі бюджеттік бағдарламалар арасындағы бюджетті нақтылау кезінде қайта бөлінген қаражаттың ара қатынасының үлесін анықтауға негізделеді.
Қайта бөлінген қаражаттың көлемі бекітілген жоспарлы тағайындаулар мен есепті кезеңнің аяғына түзетілген жоспар арасындағы айырма жолымен есептеледі. Бұл ретте азайтылған жоспарлы тағайындаулар сомасы есепке қабылданады.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде мемлекеттік органдарды қайта ұйымдастыру (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару, қайта құру) кезінде, Қазақстан Республикасы шығыстардың бірыңғай бюджеттік сыныптамасына өзгерістер енгізу кезінде бюджеттік бағдарламалардың ақшасын қайта бөлу, бюджетті нақтылау және түзету кезінде бюджеттік бағдарламалар әкімшісіне қосымша ақша қаражатын бөлу жағдайлары ескерілмейді.
Осы көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу кезінде кросс-бағамдардың өзгерістерімен байланысты нақтылаулар есепке алынбайды.
"Бюджеттік инвестициялық жобалардың сметалық құнын ұлғайту фактілерінің болмауы немесе болуы" көрсеткіші бойынша бағалау бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайтуға ұшыратқан бюджеттік инвестициялық жобалардың жобалау-сметалық құжаттамасын түзету жағдайларының бар не жоқ екендігін көрсетеді.
Бұл ретте Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына және қағидаларына өзгерістер енгізу нәтижесінде бюджеттік инвестициялық жобаның құнын ұлғайту жағдайлары ерекшелік болып табылады.
Бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнын ұлғайту фактісі болған жағдайда республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік инвестициялық жобасының қымбаттау пайызы есептеледі.
Бұл ретте бюджеттік инвестициялық жобаның сметалық құнының қымбаттау пайызы инвестициялық жобаның жобалау-сметалық құжаттамасында көзделген оның бастапқы құнына қатысты есептеледі.
Бұл көрсеткіш бойынша бағалау жүргізу барысында кросс-курстардың ауытқуымен байланысты баға көтерілулері ескерілмейді.
Егер бюджеттік бағдарламалар әкімшісі жобалау-сметалық құжаттама негізінде бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруды көздемеген жағдайда, осы өлшем бойынша 0 балл беріледі.
Бұл ретте орталық мемлекеттік органдар мен облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары Әдістемеге 4-қосымшаға сәйкес ақпарат береді.
"Дебиторлық және кредиторлық берешектердің болмауы" көрсеткіші бойынша бағалау республикалық бюджеттік бағдарламалар/облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары әкімшісінің дебиторлық/кредиторлық берешектерінің болмауын/болуын немесе өзгеруін көрсетеді.
Дебиторлық берешекте келесі жылдың қаңтарында өтеуге жататын қызметтерді берушілердің растау құжаттарын уақтылы ұсынбауы себепті бағаланатын жылдың аяғында пайда болған көрсетілген коммуналдық қызметтер және байланыс қызметтері бойынша ағымдағы дебиторлық берешек ескерілмейді.
Дебиторлық берешектің жалпы сомасында жалғастырылатын халықаралық инвестициялық жобалар бойынша пайда болған дебиторлық берешек сомасы ескерілмейді.
Кредиторлық берешекте мердігердің орындаған жұмыстарының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында ұсталған орындалған жұмыстар көлемінің 5% мөлшерінде кредиторлық берешек ескерілмейді.
Дебиторлық/кредиторлық берешектің өзгеруін бағалау өткен және бағаланатын жылдың көрсеткіштерін салыстыру арқылы жүзеге асырылады және Әдістемеге 7-қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес қойылады.";

16 16-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

16 "16. "Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының бағалау кезеңіндегі тексеру қорытындылары бойынша бюджеттік және өзге заңнаманы бұзушылықтардың болмауы" критерийі бойынша бағалау жүргізу кезінде:

тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органы;
есептi кезеңдегi тексерулер саны;
бақылаумен қамтылған бюджет қаражатының жалпы көлемі;
есептi кезеңде анықталған бюджеттiк және өзге заңнаманы бұзушылықтар, оның iшiнде:
бюджетке қаражаттың түсуi кезiнде (кiрiс бөлiгi);
мемлекеттің бюджет қаражаты мен активтерін пайдалану кезінде, оның ішінде сатып алу қорытындысына ықпал ететін мемлекеттік сатып алу бойынша;
бухгалтерлік есепті жүргізу және қаржылық есептілікті жасау кезінде;
бюджеттiк рәсiмдер мен мемлекеттік сатып алу туралы рәсімдерді орындаудың белгiленген мерзімін, тәртібін сақтамау көрсетіледі;
мемлекеттік органдар шығыстарының жалпы көлемінде мемлекеттік қаржылық бақылау органдары анықтаған тиімділік қағидатына сәйкес келмейтін шығыстар;
мемлекеттік сатып алу саласында мемлекеттік қаржылық бақылау органдары растаған шағымдардың болмауы/болуы.";
19-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік қаржылық бақылау органдары бақылау нәтижелерi бойынша енгiзген нұсқамалар мен қаулыларға сәйкес бюджетке қайтарылуға жататын бұзушылықтар сомасына шаққанда белгiленген мерзiмде бюджетке қайтарылған бұзушылықтар сомасының көлемi (сот істеріне байланысты орнын толтыруға жататын сомаларды қоспағанда);";

39 39-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

39 "39. Одан әрі барлық республикалық бюджеттік бағдарламалар, облыстың жергілікті атқарушы органы, республикалық маңызы бар қала, астана әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа балы айқындалады.

Жергілікті атқарушы органдарды критерий бойынша бағалау барлық жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің тікелей нәтижелері көрсеткіштерінің орташа баллы түрінде анықталады.";
42-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар нәтижелігінің көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" көрсеткіші бойынша бағалау мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының және/немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламалары құрамында бекітілген бюджеттік бағдарламалар тиімділігінің көрсеткіштерін талдау жолымен жүзеге асырылады.";

43 43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

43

"43. Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының 7 "Бюджеттік бағдарламалар" тарау және оны іске асыру жөніндегі есеп, ал стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бекітілген бюджеттік бағдарламалар мен оларды іске асыру жөніндегі есептер, сондай-ақ есепті кезеңдегі тікелей көрсеткіштерге қол жеткізудің іс жүзіндегі мәнін растайтын құжаттар, оның ішінде орындалған жұмыстардың актілері, объектілерді қабылдап алу, мемлекеттік сараптама қорытындылары, жүкқұжаттар, қабылдап алу-тапсыру актілері.
Белгіленген тәртіппен шығыстар бөлінген бюджеттік бағдарламалардың әкімшілерінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері, бұйрықтар, сондай-ақ оларға тиісті негіздер мен есептеулер, технико-экономикалық негіздеме.";

49 49-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

49

"49. Республикалық және жергілікті бюджеттерді орындау туралы талдамалық есептер, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарының және/немесе стратегиялық жоспарды әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларының 7 "Бюджеттік бағдарламалар" бөлімі ақпарат көзі болып табылады.";

54-14 54-14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

54-14

"54-14. Алынған бағалау нәтижесіне сәйкес мемлекеттік орган қызметінің тиімділігі деңгейі анықталады. Мемлекеттік орган тиімділігінің жоғары деңгейі 90-нан 100 баллға дейін бағалау көрсеткішіне, 70-тен 89, 99 баллға дейін орташа баллға, 50-ден 69, 99 баллға дейін төменгі баллға сәйкес келеді. Бағалау нәтижесі бойынша 49, 99 баллдан кем алған мемлекеттік органның қызметі тиімсіз деп танылады.";
6-қосымшада "Пост-аудит нәтижелері" деген жол алынып тасталсын;
7-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi ақша қаражатын басқарудың тиiмдiлiгiн бағалау әдiстемесiне осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін (қызмет бабында пайдалану үшін).

2 2. Есептілік және мемлекеттік қаржы статистикасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін бастап он күнтізбелік күннің аралығында, оның бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын қамтамасыз етуін;

3 3) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 412 бұй­ры­ғы­на
1-қо­сым­ша
Мем­ле­кет­тік ор­ган­ның бюд­жет қа­ра­жа­тын
бас­қа­ру­дың ти­ім­ді­лі­гін ба­ға­лау әді­сте­ме­сіне
7-қо­сым­ша
Критерийлер мен көрсеткіштердің балдары
р\р

Кри­те­рий­дің/көр­сет­кіш­тің ата­уы
балл
1
Бюд­жет­ті ат­қа­ру және жос­пар­лау са­па­сы­ның дең­гейі - 28 балл
1-1
Ти­іс­ті қар­жы жы­лы­на бө­лін­ген қа­ра­жат­ты иге­ру
12
100%
12
99,9 – 99,7 %
11
99,6 – 99,4 %
10
99,3 – 99,1%
9
99,0 – 98,8%
8
98,7 – 98,5 %
7
98,4 – 98,2 %
6
98,1 – 97,9 %
5
97,8 – 97,6 %
4
97,5 – 97,3 %
3
97,2 – 97,0 %
2
96,9 – 96,7 %
1
96,6 % және одан кем
0
1-2
Ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар бой­ын­ша қа­лып­тас­қан мем­ле­кет­тік са­тып алу нәти­же­ле­рі бой­ын­ша қа­ра­жат­ты үнем­деу
2
3%-ға дей­ін
0
3%-дан астам
2
1-3
Шы­ғы­стар­дың бе­кі­ті­л­ген кө­ле­міне бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің қай­та бө­лін­ген қа­ра­жа­ты­ның кө­ле­мі
4
Бе­кі­ті­л­ген бюд­жет­тен қа­ра­жат­ты қай­та бө­лу­дің бол­мауы
4
Қай­та бө­лін­ген қа­ра­жат­тың кө­ле­мі
5%-ға дей­ін
3
5,1 - 7%
2
7,1 - 10%
1
10,1%-дан астам
0
1-4
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы неме­се бо­луы
2
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың құ­жат­та­ма­сы­ның сме­та­лық құ­нын ұл­ғай­ту фак­тiлерiнiң бол­мауы
2
Бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­ның сме­та­лық құ­ны­ның ұл­ға­юы
0
Бюд­жет­тiк бағ­дар­ла­ма­лар әкiм­шiсiн­де бюд­жет­тiк ин­ве­сти­ци­я­лық жо­ба­лар­дың бол­мауы
1
1-5
Де­би­тор­лық және кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тер­дің бол­мауы
8
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің бол­мауы
4
Де­би­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
1
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
0
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің бо­луы
4
Кре­ди­тор­лық бе­ре­шек­тің өзге­рі­сте­рі:
азаю жа­ғы­на қа­рай
1
ұл­ғаю жа­ғы­на қа­рай
0
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру қо­ры­тын­ды­ла­ры бой­ын­ша бюд­жет­тік және өзге заң­на­ма­ны бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы – 12 балл
2-1
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы/бо­луы
8
Бұ­зу­шы­лық­тар­дың бол­мауы
8
Есеп­ті ке­зең­де қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру­лер жүр­гіз­бе­уі
4
Ба­қы­ла­у­мен қам­ты­л­ған бюд­жет қа­ра­жа­ты­ның жал­пы кө­ле­мі­нен бұ­зу­шы­лық­тар­дың бо­луы (ти­ім­сіз шы­ғы­ста­ры қо­с­па­ған­да) мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау объ­ек­ті­ле­рін­де ай­қын­дал­ған бұ­зу­шы­лық­тар­дың сы­нып­та­уы­шы­на сәй­кес
5%-ға дей­ін
3
5,1 – 9,9%
2
10,0 – 14,9%
1
15%-дан астам
0
2-2
Мем­ле­кет­тік ор­ган­дар шы­ғы­ста­ры­ның жал­пы кө­ле­мін­де мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған ти­ім­ді­лік прин­ци­піне жа­у­ап бер­мей­тін шы­ғы­стар
2
Ти­ім­ді­лік прин­ци­піне жа­у­ап бер­мей­тін шы­ғы­стар­дың бол­мауы
2
1.1 көр­сет­кі­ші­нің иге­рі­л­ген бюд­жет қа­ра­жат со­ма­сы­нан мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры анық­та­ған ти­ім­ді­лік прин­ци­піне жа­у­ап бер­мей­тін шы­ғы­стар
0
2-3
Мем­ле­кет­тік са­тып алу са­ла­сын­да мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры рас­та­ған ша­ғым­дар­дың бол­мауы/бо­луы
2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның тек­се­ру­ле­рі­мен рас­тал­ған ша­ғым­дар­дың бо­луы
0
Ша­ғым­дар­дың және мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры­ның ба­қы­ла­у­ы­мен тек­се­ру­ле­рі­мен рас­тал­ма­ған ша­ғым­дар бол­мауы
2
3
Мем­ле­кет­тiк қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ды орын­дау бой­ын­ша қа­был­дан­ған (iс­ке асы­ры­л­ған) ша­ра­лар – 10 балл
3-1
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес бюд­жет­ке қай­та­ры­лу­ға жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на шақ­қан­да бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi (сот іс­те­ріне бай­ла­ны­сты ор­нын тол­ты­ру­ға жа­та­тын со­ма­лар­ды қо­с­па­ған­да)
5
Бюд­жет­ке қай­та­ры­ла­тын со­ма­ның бол­мауы
5
100% бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның бел­гi­лен­ген мерзiм­де бюд­жет­ке қай­та­ры­л­ған кө­ле­мi
2
70,0 – 99,9%
1
70%-ға дей­ін
0
3-2
Мем­ле­кет­тік қар­жы­лық ба­қы­лау ор­ган­да­ры ба­қы­лау нәти­же­лерi бой­ын­ша ен­гiз­ген нұс­қа­ма­лар мен қа­улы­лар­ға сәй­кес жұ­мыстар­ды орын­дау, қыз­мет­тер көр­се­ту, та­у­ар­лар жет­кi­зу және/неме­се есеп­ке алу­да көр­се­ту жо­лы­мен бюд­жет­ке қал­пы­на кел­тiру­ге жа­та­тын бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­на қа­ра­ған­да­ғы бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
5
Бюд­жет­ке қал­пы­на кел­ті­рі­ле­тін со­ма­ның бол­мауы
5
100% бел­гi­лен­ген мерзiм­де қал­пы­на кел­тiрiл­ген бұ­зу­шы­лық­тар со­ма­сы­ның кө­ле­мi
2
70,0 – 99,9 %
1
70,0 %-ға дей­ін
0
4
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу - 28 балл
4-1
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның ті­ке­лей нәти­же­ле­ріне қол жет­кі­зу
24
100%
24
99,9 – 99,3%
23
99,2 – 98,6%
22
98,5 – 97,9%
21
97,8 – 97,2%
20
97,1 – 96,5%
19
96,4 – 95,8%
18
95,7 – 95,1%
16
95,0 – 94,4%
14
94,3 – 93,7%
12
93,6 – 93,0%
10
92,9 – 92,3%
8
92,2- 91,6%
6
91,5 – 90,9%
4
90,8 – 90,2%
2
90,1% және кем
0
4-2
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­дың нәти­же­лі­лі­гі­нің көр­сет­кіш­те­рін жос­пар­лау са­па­сы
4
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да мем­ле­кет­тік ор­ган­ның ти­іс­ті мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне сәй­кес ке­ле­тін және мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры мен ба­ға­ла­у­ы­на жа­та­тын сан­дық өл­шем­ді бо­лып та­бы­ла­тын нәти­же­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бо­луы
4
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­да ти­ім­ді­лік көр­сет­кіш­те­рі­нің бі­рі­нің бол­мауы, ті­ке­лей нәти­же­ге қол жет­кі­зу­ді ба­ға­ла­у­ға мүм­кін­дік бер­мей­тін сан­дық си­патта­ма­ның ор­ны­на түп­кі нәти­же­ле­рі­мен ті­ке­лей нәти­же­лер­ді қай­та­лай­тын іс-ша­ра­лар­дың бо­луы, бас­қа бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­ның көр­сет­кіш­те­рі­мен бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма көр­сет­кіш­те­рін қай­та­лау, мем­ле­кет­тік жос­пар­лау жүй­е­сі­нің құ­жат­та­ры­на бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар әкім­ші­сі­нің мақ­сат­та­ры мен мін­дет­те­ріне ті­ке­лей нәти­же­лер көр­сет­кіш­те­рі­нің сәй­кес кел­ме­уі
0
5.
Бюд­жет­тік бағ­дар­ла­ма­лар­ды орын­да­удың ти­ім­ді­лі­гі - 22 балл
100%
22
99,9 – 99,3%
21
99,2 – 98,6%
20
98,5 – 97,9%
19
97,8 – 97,2%
18
97,1 – 96,5%
17
96,4 – 95,8%
16
95,7 – 95,1%
15
95,0 – 94,4%
14
94,3 – 93,7%
12
93,6 – 93,0%
10
92,9 – 92,3%
8
92,2 - 91,6%
6
91,5 – 90,9%
4
90,8 – 90,2%
2
90,1% және одан кем
0

2 Қыз­мет бой­ын­ша пай­да­ла­ну үшін

№____­да­на
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 412 бұй­ры­ғы­на
2-қо­сым­ша

3 Қыз­мет бой­ын­ша пай­да­ла­ну үшін

№____­да­на
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 412 бұй­ры­ғы­на
3-қо­сым­ша

4 Қыз­мет бой­ын­ша пай­да­ла­ну үшін

№____­да­на
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 412 бұй­ры­ғы­на
4-қо­сым­ша

5 Қыз­мет бой­ын­ша пай­да­ла­ну үшін

№_____­да­на
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы
Қар­жы ми­ни­стрі­нің
2014 жы­л­ғы 24 қыр­күй­ек­те­гі
№ 412 бұй­ры­ғы­на
5-қо­сым­ша

Қолданыстағы