О признании утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении статистических форм и инструкций по их заполнению ведомственных статистических наблюдений, разработанных Министерством нефти и газа Республики Казахстана"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившим силу приказ Председателя Агентства Республики Казахстан по статистике от 10 января 2012 года № 9 "Об утверждении статистических форм и инструкций по их заполнению ведомственных статистических наблюдений, разработанных Министерством нефти и газа Республики Казахстана"
- Атауы (қаз.)
- "Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 215
- Қабылданған күні
- 22.09.2016
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2016 106794_139279.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G16NTC00215
- ЭКБ идентификаторы
- 106794
- Редакция идентификаторы
- 106794_139279
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 07:42
0 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
«Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрлігі әзірлеген ведомстволық статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі төрағасының 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 9 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7500 болып тіркелген, 2012 жылғы 4 шілдедегі, 2012 жылғы 11 шілдедегі № 369-374, 383-388 (27448, 27462) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2 2. Статистикалық қызметті жоспарлау басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
1
1) осы бұйрықтың көшірмесін қол қойылған күнінен бастап бір апталық мерзімде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4 4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
Қ. Бозымбаев
2016 жылғы 19 қыркүйек