Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в постановление акимата от 10 января 2012 года № 929 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2012 году"

Қаулы · № 1211 · қабылданған 29.10.2012
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2012-no-929-2012/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении изменения в постановление акимата от 10 января 2012 года № 929 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2012 году" Күшін жойған Қаулы ·№ 1211 ·29.10.2012
05.03.2013 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.03.2013. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в постановление акимата от 10 января 2012 года № 929 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2012 году"

Күшін жойған Қаулы ·№ 1211 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в постановление акимата от 10 января 2012 года № 929 "Об организации и финансировании оплачиваемых общественных работ в 2012 году"
Атауы (қаз.)
"2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 929 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1211
Қабылданған күні
29.10.2012
Көрсетілген редакция
05.03.2013 AI68564_2.kaz
Соңғы өзгеріс
05.03.2013
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V12VC002719
ЭКБ идентификаторы
68564
Редакция идентификаторы
AI68564_2
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 01:04

0 "2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы" 2012 жылғы 10 қаңтардағы № 929 әкімдіктің қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7, 20 бабына, 5 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 18 желтоқсандағы «Семей ядролық сынақ полигонында ядролық сынақ салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы» Заңының 2 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы «Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Халықты жұмыспен қамту» Заңын жүзеге асыру бойынша шаралар туралы» № 836 қаулысына сәйкес, жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген халықтың түрлі топтарын қолдау және мемлекеттік кепілдік жүйесін кеңейту мақсатында Курчатов қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Курчатов қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 10 қаңтардағы «2012 жылы ақылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» № 929 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізімінде 2012 жылдың 25 қаңтарында № 5-3-115 нөмірімен тіркелген, 2012 жылғы 02 ақпандағы № 5 (859) «7 дней» газетінде жарияланған) келесі өзгерту енгізілсін:
осы қаулының 2 қосымшасы қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда мазмұндалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Курчатов қаласы әкімінің орынбасары Е. В. Старенковаға жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар тізімі

Курчатов қаласы әкімдігінің
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 1211 қаулысына қосымша
Тұрғындардың нысаналы топтар құрамына кіретін тұлғалар
тізімі

1 1. Тұрмысы төмен азаматтар;

2 2. 21 жасқа дейінгі жастар;

3 3. Балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, жетім балалармен ата–анасының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;

4 4. Кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған жалғызбасты көп балалы ата–аналар;

5 5. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен асырауында тұрақты күтімді, көмекті немесе қадағалауды қажет етеді деп танылған тұлғасы бар азаматтар;

6 6. Мүгедектер;

7 7. Зейнеткерлік жас алдындағы тұлғалар (жасына байланысты зейнеткерлікке шығуыға екі жыл қалғандар);

8 8. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарынан босаған тұлғалар;

9 9. Бас бостандығынан айыру және мәжбүрлеп емдеу орындарынан босаған тұлғалар;

10 10. Оралмандар;

11 11. Есірткіге тәуелді және АҚТҚ инфекциясымен ауыратын тұлғалар;

12 12. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарын бітірушілер;

13 13. Өндірістің ұйымдастырылуының өзгеруіне байланысты, соның ішінде жұмыс көлемі қайта ұйымдастырылған және (немесе) қысқартылған кезде толық емес жұмыс тәртібінде жұмыспен қамтылған;

14 14. 50 жастан асқан әйелдер;

15 15. 55 жастан асқан ерлер;

16 16. Ұзақ уақыт жұмыс істемейтін тұлғалар (бір жылдан артық);

17 17. Жұмыс беруші-занды тұлғаның таратылуына не жұмыс беруші - жеке тұлғаның қызметін тоқтатуына, қызметкерлер санының немесе штатының қысқаруына байланысты жұмыстан босатылған тұлғалар;

18 18. Қылмыстық-атқару инспекциясының сынамалау қызметінің есебінде тұрған тұлғалар.

Қолданыстағы