О внесении изменений в решение районного маслихата от 10 июля 2013 года № 116 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение районного маслихата от 10 июля 2013 года № 116 "О дополнительном регламентировании порядка проведения мирных собраний, митингов, шествий, пикетов и демонстраций"
- Атауы (қаз.)
- "Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы" аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 266
- Қабылданған күні
- 06.08.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.04.2016 93594_70854.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.04.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15CL004504
- ЭКБ идентификаторы
- 93594
- Редакция идентификаторы
- 93594_70854
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:48
0 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы № 2126 «Қазақстан Республикасындағы бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізу тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес және бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу мақсатында, Хромтау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Аудандық мәслихаттың 2013 жылғы 10 шілдедегі № 116 «Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша регламенттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3622 болып тіркелген, 2013 жылдың 8 тамызында аудандық «Хромтау» газетінде жарияланған) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
мемлекеттік тіліндегі шешімнің кіріспесінде «өткізу және ұйымдастыру» сөздері «ұйымдастыру мен өткізу» сөздерімен ауыстырылсын;
көрсетілген шешімнің 1 тармағының екінші және үшінші абзацтарындағы «Элеватор ғимаратына іргелес орналасқан алаң - Окраина көшесі 7» және «Бұрынғы Күрделі құрылыс бөлімі ғимаратына іргелес орналасқан алаң - Бекешева көшесі 1.» сөздері «Жеңіс даңғылы, 8а үйі мекен-жайы бойынша орналасқан Хромтау қаласы саябағының орталық алаңы.» сөздерімен ауыстырылсын.