Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 10 декабря 2013 года № 13/193 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Мангистауской области"

Ереже · № 18/280 · қабылданған 30.07.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2013-no-13193-ekb-83041/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 10 декабря 2013 года № 13/193 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Мангистауской области" Күшін жойған Ереже ·№ 18/280 ·30.07.2014
10.12.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.12.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 10 декабря 2013 года № 13/193 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Мангистауской области"

Күшін жойған Ереже ·№ 18/280 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в решение областного маслихата от 10 декабря 2013 года № 13/193 "Об утверждении Правил благоустройства территорий городов и населенных пунктов Мангистауской области"
Атауы (қаз.)
"Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
18/280
Қабылданған күні
30.07.2014
Көрсетілген редакция
10.12.2015 83041_284934.kaz
Соңғы өзгеріс
10.12.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14M0002492
ЭКБ идентификаторы
83041
Редакция идентификаторы
83041_284934
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:58

0 "Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидасы туралы" облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының заңдарына және Маңғыстау облысының Әділет департаментінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 02-11-1374 хатына сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1

1. «Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасы туралы» облыстық мәслихаттың 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 13/193 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2348 болып тіркелген, «Маңғыстау» газетінде 2014 жылғы 1 ақпанда жарияланған) шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
шешімнің тақырыбы келесі редакцияда оқылсын:
«Маңғыстау облысының қалалары мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру Қағидасын бекіту туралы».
«4. Аумақтарды күтіп ұстау мен тазартудың жалпы тәртібі» тарауындағы:
14-тармақ мына мағынадағы азат жолдарымен толықтырылсын:
«Қатты тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жарату елді мекеннің қатты тұрмыстық қалдықтар зауытында, полигонында жүргізіледі.
Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын жайғастыру және ұстау санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады».

2 2. Осы шешімнің орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары С.Т. Алдашевқа жүктелсін.

3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
«Қазақстан Республикасы ауыл
шаруашылығы министрлiгiнiң ветеринариялық
бақылау және қадағалау комитетi
Маңғыстау облыстық аумақтық инспекциясы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Қ. Мырзатов
30 шілде 2014 жыл
«Қазақстан Республикасы тұтынушылардың
құқықтарын қорғау Агенттігі
Маңғыстау облысының тұтынушылардың
құқықтарын қорғау департаменті»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
М. Қадыр
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының жер қатынастары
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
Е. Дүзмағамбетов
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының құрылыс
басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
О. Аяпов
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының сәулет және
қала құрылысы басқармасы» мемлекеттік
мекемесі басшысының міндетін атқарушы
З. Байғожаева
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының табиғи
ресурстар және табиғатты реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Дулат
30 шілде 2014 жыл
«Маңғыстау облысының
iшкi iстер департаментi»
мемлекеттік мекемесінің бастығы
Қ. Дәлбеков
30 шілде 2014 жыл

Қолданыстағы