О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 52-11
- Қабылданған күні
- 16.03.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 01.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 101225_602102.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GB003028
- ЭКБ идентификаторы
- 101225
- Редакция идентификаторы
- 101225_602102
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:02
0 «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Байзақ аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3
шешіміне өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда аудандық №98-99 «Ауыл жаңалығы – Сельская новь» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген Қағидаға келесідей өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін.
көрсетілген, шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасының:
6 тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
- туберкулез ауыруымен ауыратын азаматтарға (отбасыларына), амбулаториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен екі еселенгенен төмен болған жағдайда ай сайын әр науқасқа 10000 (он мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.