О внесении изменения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года № 20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 4-8
- Қабылданған күні
- 22.06.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2022 104789_602100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GB003128
- ЭКБ идентификаторы
- 104789
- Редакция идентификаторы
- 104789_602100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:40
0 «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік
көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін
айқындаудың Қағидаларын бекіту
туралы» Байзақ аудандық мәслихатының
2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20-3
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2 - 3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес Байзақ аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі № 20 - 3 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда аудандық №98 - 99 «Ауыл жаңалығы – Сельская новь» газетінде жарияланған) шешімімен бекітілген Қағидаға келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген, шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидасының:
6 – тармақтың екінші абзацы келесі басылымда жазылсын:
- "дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы адамдарға ай сайын 12 372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 14 000 (он төрт мың) теңгеден үш ай қатарынан әлеуметтік көмек көрсетіледі".