О внесении изменений в решение маслихата района Т. Рыскулова от 10 октября 2013 года за №18-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Т.Рыскуловскому району»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение маслихата района Т. Рыскулова от 10 октября 2013 года за №18-7 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Т.Рыскуловскому району»
- Атауы (қаз.)
- «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы №18-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 2-8
- Қабылданған күні
- 07.04.2016
- Қолданысқа енгізілген күні
- 17.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2017 101777_181432.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2017
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16GH003038
- ЭКБ идентификаторы
- 101777
- Редакция идентификаторы
- 101777_181432
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:43
0 «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек
көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және
мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының
тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы»
Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2013 жылғы
10 қазандағы №18-7 шешіміне өзгерістер
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6 бабының 2-3 тармағына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 қаулысына сәйкес, Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ КАБЫЛДАДЫ:
1
1. «Т.Рысқұлов ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Т. Рысқулов аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қазандағы № 18-7 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2035 болып тіркелген, 2013 жылдың 19 қарашасындағы) «Құлан таңы. Огни Кулана» газетінде жарияланған») келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидасында:
9 тармақтың бірінші абзацы келесі басылымда жазылсын;
отбасының жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің бес еселенген мөлшерінен аспаған жағдайда дәрілік заттарға төзімді туберкулез ауруымен ауыратын, амбулаториялық ем жалғастырушы адамдарға ай сайын 12372 (он екі мың үш жүз жетпіс екі) теңге, ал туберкулездің 1 және 2 санатында қысқа мерзімде амбулаториялық ем алатын адамдарға 6 айға әр науқасқа айына 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде әлеуметтік көмек көрсетіледі.