Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года №20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Ереже · № 39-2 · қабылданған 20.04.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2013-no20-3/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года №20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району» Күшін жойған 21.11.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года №20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»

Күшін жойған Ереже № 39-2 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в решение Байзакского районного маслихата от 10 сентября 2013 года №20-3 «Об утверждении Правил оказания социальной помощи, установления размеров и определения перечня отдельных категорий нуждающихся граждан по Байзакскому району»
Атауы (қаз.)
«Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі №20-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
39-2
Қабылданған күні
20.04.2015
Қолданысқа енгізілген күні
09.05.2015
Көрсетілген редакция
21.11.2022 88991_602098.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15GB002619
ЭКБ идентификаторы
88991
Редакция идентификаторы
88991_602098
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік

көмек көрсетудің, оның мөлшерін
белгілеудің және мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың
Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық
мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі
№20-3 шешіміне өзгерістер мен толықтыру
енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының   6 бабына және «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы» Байзақ аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 қыркүйектегі №20-3 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2017 болып тіркелген, 2013 жылғы 9 қазанда №98-99 «Ауыл жаңалығы - Сельская новь» газетінде жарияланған) келесі өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген шешіммен бекітілген Байзақ ауданы бойынша әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
5 тармағы жаңа редакциада мазмұндалсын:
«Атаулы және мереке күндеріне бір рет әлеуметтік көмек:
9 мамырға:
- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 150000 (жүз елу мың) теңге мөлшерінде;
- қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен әрi "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған азаматтарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
- екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
- қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң және соларға теңестiрiлген мүгедектердiң әйелдерiне (күйеулерiне), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, "Ленинградты қорғағаны үшiн" медалiмен және "Қоршаудағы Ленинград тұрғыны" белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерiне) 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде;
- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен наградталған адамдар, сондай- ақ 1941 жылғы 22 маусым -1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдарға 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
15 ақпанға:
- Ауғанстанда әскери міндетін өтеген әскери қызметшілерге және Ауғанстанда әскери мiндетiн өтеу кезiнде жаралануы, контузия алуы, зақымдануы салдарынан мүгедек болған әскери қызметшiлерге 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
- Ауғанстандағы ұрыс қимылдары кезеңiнде жараланудың, контузия алудың, зақымданудың немесе ауруға шалдығудың салдарынан қаза тапқан (хабар-ошарсыз кеткен) немесе қайтыс болған әскери қызметшiлердiң отбасыларына 15000 (он бес мың) теңге көлемінде;
- 1979 жылдың 1 желтоқсаны мен 1989 жылдың желтоқсаны аралығында Ауғанстанға жұмысқа жiберiлген жұмысшылар мен қызметшiлерге 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
26сәуірде:
- 1986-1987 жылдары Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жоюға қатысқан және Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың салдарынан мүгедек болған адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде;
- 1988-1989 жылдардағы Чернобыль атом электростанциясындағы апаттың зардаптарын жою кезінде қаза тапқан адамдардың отбасына 15000 (он бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
29 тамызға:
- Азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектiлердегi басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтарға тiкелей қатысқан адамдарға 30000 (отыз мың) теңге мөлшерінде».
6 тармақ келесі басылымда жазылсын:
«6. Өтініші бойынша бір рет әлеуметтік көмек:
- туберкулез ауыруымен ауыратын азаматтарға (отбасыларына), амблуториялық жағдайда ем жалғастырушы тұлғаларға жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінен төмен болған жағдайда ай сайын әр науқасқа 5000 (бес мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі.
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан төмен болған жағдайда арнайы комиссия белгілеген 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде көрсетіледі.
- табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкіне зиян келтірілгенде мұқтаж азаматтар бір ай ішінде уәкілетті органға өтініш береді.».
- бір жолғы әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы ең төмен күнкөріс деңгейінің 60 пайызынан аспайтын санаттағы азаматтар (отбасылар) үшін әрбір жекелеген жағдайда көрсетілетін әлеуметтік көмек мөлшерін арнайы комиссия айқындайды, әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туындаған жағдайда 25000 (жиырма бес мың) теңгеден 80000 (сексен мың) теңгеге дейінгі мөлшерде көрсетіледі;

2. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың «Аумақты экономикалық дамыту, қаржы, бюджет, әкімшілік аумақтық құрылым, адам құқығын қорғау мәселелері және жер учаскелерін сатып алу туралы шарттар жобаларын қарау» жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғаш ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.