Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июля 2014 года N 640 "О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год"

Қаулы · № 684 · қабылданған 14.08.2014
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-n-640-2014/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июля 2014 года N 640 "О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год" Қолданыста Қаулы ·№ 684 ·14.08.2014
14.08.2014 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.08.2014. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июля 2014 года N 640 "О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год"

Қолданыста Қаулы ·№ 684 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Кызылординской области от 10 июля 2014 года N 640 "О некоторых вопросах субсидирования на 2014 год"
Атауы (қаз.)
"2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі N 640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
684
Қабылданған күні
14.08.2014
Көрсетілген редакция
14.08.2014 82557_129311.kaz
Соңғы өзгеріс
14.08.2014
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14L0004755
ЭКБ идентификаторы
82557
Редакция идентификаторы
82557_129311
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:48

0 "2014 жылға субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы" Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі N 640 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

«Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңына және «Басым дақылдар өндiрудi субсидиялау арқылы өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң шығымдылығы мен сапасын арттыруды, жанар-жағармай материалдарының және көктемгi егiс пен егiн жинау жұмыстарын жүргiзу үшін қажеттi басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 575 қаулысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «2014 жылғы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қызылорда облысының әкімдігінің 2014 жылғы 10 шілдедегі № 640 қаулысына (нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4725 нөмірімен тіркелген, 2014 жылғы 12 шілдеде «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары С.С. Қожаниязовқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
_____________А. Мамытбеков
2014 жылғы «14» тамыз

4 Қызылорда облысы әкімдігінің

2014 жылғы «14» тамыздағы
№ 684 қаулысына қосымша
Қызылорда облысы әкімдігінің
2014 жылғы «10» шілдедегі
№ 640 қаулысына қосымша
Басым ауыл шаруашылығы дақылдардың тізбесі және басым дақылдарды өндіруді субсидилау арқылы жанар-жағармай материалдары мен көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлық материалдық құндылықтардың құнын және ауылшаруашылық дақылдарын қорғалған топырақта өңдеп өсіру шығындарының құнын арзандатуға арналған субсидиялар нормалары (1 гектарға)
р/с
Басым дақылдардың тізбесі
Бір гектарға субсидия нормасы, теңге
1
Күріш
25000
2
Дәндік жүгері
45686
3
Майлы дақылдар
44010
4
Картоп
159161
5
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін картоп
219560
6
Көкөністер
120746
7
Ашық топырақта, өнеркәсіптік үлгідегі тамшылатып суару жүйесін қолдана отырып өсіретін көкөністер
181910
8
Бақша
65396
9
Қорғалған топырақ жағдайында өсірілетін көкөніс дақылдары
3000000
10
Сүрлемдік жүгері
45964
11
Бірінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
24179
12
Екінші және үшінші жылғы бұршақ тұқымдас көпжылдық шөптер
25800

Қолданыстағы