О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 102/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 102/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг, оказываемых государственным учреждением "Управление культуры, архивов и документации Павлодарской области"
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 231/7
- Қабылданған күні
- 08.07.2014
- Көрсетілген редакция
- 13.05.2015 81894_67638.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.05.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V14P0003912
- ЭКБ идентификаторы
- 81894
- Редакция идентификаторы
- 81894_67638
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 19:10
0 Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі көрсететін мемлекеттік қызметтер регламенттерін бекіту туралы" № 102/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3810 болып тіркелді, 2014 жылғы 27 мамырда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 27 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланды) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-әрекеттердің), қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) өзара әрекет ету реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-әрекеттердің), қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) өзара әрекет ету реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіндегі рәсімдердің (іс-әрекет-тердің), қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмысшыларының) өзара әрекет ету реттілігінің толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету үдерісінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібі мен халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара әрекет ету тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 5-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-үдерістер анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 3-қосымшасына сәйкес 5-қосымшамен толықтырылсын.
2 2. "Павлодар облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жариялануға жіберілуін қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.
5 "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 231/7 қаулысына 1-қосымша
"Мәдени құндылықтарды уақытша
әкету құқығына куәлік беру"
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентінің 4-қосымшасы
"Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік
беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің
бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
6 "Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 231/7 қаулысына 2-қосымша
"Жергілікті маңызы бар тарих және
мәдениет ескерткіштеріне
ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентінің
4-қосымшасы
"Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет
ескерткіштеріне ғылыми-реставрациялау жұмыстарын
жүргізуге келісім беру" мемлекеттік көрсетілетін
қызметінің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
7 "Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 8 шілдедегі
№ 231/7 қаулысына 3-қосымша
"Мұрағаттық анықтамалар
беру" мемлекеттік қызметін
көрсету регламентіне 5-қосымша
"Мұрағаттық анықтамалар беру" мемлекеттік қызметін
көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: