Кіру
Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 104/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта"

Қаулы · № 278/8 · қабылданған 26.08.2014
Заңдық күші: Күшін жойған · 14.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-1044/on/2026-09-14/
Басып шығарылды 2026-09-14 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 104/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта" Күшін жойған Қаулы ·№ 278/8 ·26.08.2014
15.05.2015 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
14.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.05.2015. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 104/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта"

Күшін жойған Қаулы ·№ 278/8 · 14.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 апреля 2014 года № 104/4 "Об утверждении регламентов государственных услуг в сфере физической культуры и спорта"
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 104/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
278/8
Қабылданған күні
26.08.2014
Көрсетілген редакция
15.05.2015 83415_79033.kaz
Соңғы өзгеріс
15.05.2015
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V14P0004034
ЭКБ идентификаторы
83415
Редакция идентификаторы
83415_79033
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 18:44

0 Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 104/4 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі "Дене шынықтыру мен спорт саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы" № 104/4 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3824 болып тіркелген, 2014 жылғы 29 мамырда "Сарыарқа самалы" газетінде, 2014 жылғы 29 мамырда "Звезда Прииртышья" газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген "Спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядтар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті:
4-бөлім келесі мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде халыққа қызмет көрсету орталығымен өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетіледі.";
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.

2. "Павлодар облысының дене тәрбиесі және спорт басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А.А. Өрсариевке жүктелсін.

4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

5 Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы "Спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "26" тамыздағы
№ 278/8 қаулысына
1 қосымша
"Спорт шеберіне кандидат, бірінші
спорттық разряд, біліктілігі жоғары
және орта деңгейдегі бірінші санатты
жаттықтырушы, біліктілігі жоғары
деңгейдегі бірінші санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі бірінші
санатты әдіскер, бірінші санатты
спорт төрешісі спорттық разрядтары
мен санаттарын беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
4-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы
"Спорт шеберіне кандидат, бірінші спорттық разряд,
біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі бірінші санатты
жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі бірінші санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі
бірінші санатты әдіскер, бірінші санатты спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік
қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер

6 Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы "Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік разрядттар, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы "26" тамыздағы
№ 278/8 қаулысына
2 қосымша
"Екінші және үшінші разрядтар,
бірінші, екінші және үшінші
жасөспірімдік разрядттар, біліктілігі
жоғары және орта деңгейдегі екінші
санатты жаттықтырушы, біліктілігі
жоғары деңгейдегі екінші санатты
нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары
және орта деңгейдегі екінші санатты
әдіскер, спорт төрешісі спорттық
разрядтары мен санаттарын беру"
мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 4-қосымша
Халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы
"Екінші және үшінші разрядтар, бірінші, екінші және
үшінші жасөспірімдік разрядттар, біліктілігі жоғары және орта
деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары
деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары
және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорт төрешісі
спорттық разрядтары мен санаттарын беру" мемлекеттік қызмет
көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер

Қолданыстағы