О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 87/қе
- Қабылданған күні
- 23.12.2020
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2020 150395_500135.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021884
- ЭКБ идентификаторы
- 150395
- Редакция идентификаторы
- 150395_500135
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 10:48
0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереже 16-тармағының 125-15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген, 2014 жылғы 6 тамызда «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жаңадан келген күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364-VI Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі – Жарғы) талаптарына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізіледі.».