О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан от 10 июня 2014 года № 182 «Об утверждении Правил внутреннего распорядка содержания подозреваемых и обвиняемых военнослужащих на гауптвахтах органов военной полиции Комитета национальной безопасности Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 26/қе
- Қабылданған күні
- 16.05.2023
- Көрсетілген редакция
- 16.05.2023 181566_632943.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032521
- ЭКБ идентификаторы
- 181566
- Редакция идентификаторы
- 181566_632943
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:01
0
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2014 жылғы 10 маусымдағы № 182 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9574 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
преамбула келесі редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 1 сәуірдегі № 2922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті туралы ереженің 15-тармағы 147)-тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті әскери полициясы органдарының гауптвахталарында күдікті және айыпталушы әскери қызметшілерді ұстаудың ішкі тәртібінің қағидаларында:
2-тармақтың 1-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 131-бабына сәйкес мерзімге қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүргізген орган ұстаған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери қызметшілері;»;
12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Жаңадан келген күдікті немесе айыпталушы әскери қызметшілерді қарап-тексеру Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364-VI Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлі мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысының (бұдан әрі - Жарғы) талаптарына және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес жүргізіледі.»;
17-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«17. Гауптвахтада ұсталатын күдіктілер мен айыпталушылар жалғыз адамдық камераларға бір тәуліктен астам мерзімге «Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 31-бабына сәйкес, осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес гауптвахта бастығының күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға көшіру туралы прокурор санкция берген дәлелді қаулысы бойынша орналастырылады.»;
79-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«79. Күдіктілер мен айыпталушыларды медициналық-санитарлық қамтамасыз етудің өзге де мәселелері Жарғы және «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес реттеледі.»;
5-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Әскери полициясы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасымен көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2023 жылғы 16 мамырдағы
№ 26/қе бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2014 жылғы 10 маусымындағы
№182 бұйрығымен бекітілген,
Қазақстан Республикасы Ұлттық
қауіпсіздік комитеті әскери
полициясы органдарының
гауптвахталарында күдікті және
айыпталушы әскери қызметшілерді
ұстаудың ішкі тәртібінің
қағидаларына
5-қосымша
Нысан
Санкциялаймын________________
Прокурор ____________________
(қолы, тегі)
____ жылғы "____" _____________
«Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде ұстау тәртібі мен шарттары туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 31-бабының тәртібінде күдіктіні (айыпталушыны) жалғыз адамдық камераға ауыстыру туралы қаулы
Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (егер ол болса))
____________________________________________________________________
(жалғыз адамдық камерада ұстауға негіз болатын мән-жайдың мазмұны)
____________________________________________________________________
Қаулы етті:
Күдікті (айыпталушы)__________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
әрі қарай ұстау үшін жалғыз адамдық камераға ауыстырылсын.
Гауптвахта бастығы
________________________________________
(әскери атағы, қолы, тегі және аты жөні)
______ жылғы "___"______________________