«О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 19-5/519 «Об утверждении Положения о Комитете по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- «О внесении дополнений в приказ Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 19-5/519 «Об утверждении Положения о Комитете по водным ресурсам Министерства сельского хозяйства Республики Казахстан»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 19-6/551
- Қабылданған күні
- 19.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 11.09.2018 92969_360201.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.09.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011730
- ЭКБ идентификаторы
- 92969
- Редакция идентификаторы
- 92969_360201
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:31
0 «Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігінің
Су ресурстары комитеті туралы ережені
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519
бұйрығына толықтырулар енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 19-5/519 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9820 тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы № 18 (28496) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) келесі толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті туралыережеге:
мынадай мазмұндағы 11-1 тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Комитеттің мынадай аумақтық бөлімшелері бар:
1) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Арал-Сырдария бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Балқаш-Алакөл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалану реттеу және қорғау жөніндегі Ертіс бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Есіл бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Нұра-Сарысу бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
6) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Тобыл-Торғай бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
7) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
8) «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Шу-Талас бассейндік инспекциясы» республикалық мемлекеттік мекемесі.»;
мынадай мазмұндағы 11-2 тармақпен толықтырылсын:
«11-2. Комитеттің мынадай бағынысты ұйымдары бар:
1) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Аймақтық гидрогеологиялық-мелиоративтік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
2) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Оңтүстік Қазақстан гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қызылорда гидрогеологиялық-мелиоративтік экспедициясы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
4) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазагромелиосушар» республикалық әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі;
5) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің «Қазсушар» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалықмемлекеттік кәсіпорын.»;
14 тармақты келесі мазмұндағы 23-1), 23-2), 23-3), 23-4), 23-5), 23-6), 23-7), 23-8), 23-9), 23-10) және 23-11) тармақшалармен толықтырылсын:
«23-1) бөгеттер иелерінің бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілермен белгілеген талаптарды сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
23-2) су қорғау аймақтарының, белдеулерiнің және оларды шаруашылықта пайдалану режимдернің жобалау құжаттамасының келіседі;
23-3) ауыз су сапасындағы жер асты суларын ауыз сумен және шаруашылық-тұрмыстық сумен жабдықтауға байланысты емес мақсаттар үшiн пайдалануға рұқсат беруді келіседі;
23-4) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарында көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердiң белгiленуiн келіседі;
23-5) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқой және спорттық балық аулау үшiн пайдалануды келіседі;
23-6) бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын тіркейді;
23-7) ағаш ағызу үшiн пайдаланылатын су объектiлерiнiң тiзбесiн және оларды тазарту тәртiбiн келіседі;
23-8) ұйымдарды бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттаудан өткізеді;
23-9) бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларды және бөгеттің қауіпсіздігі декларациясын әзірлеу қағидаларын әзірлейді;
23-10) бөгеттердің қауіпсіздігі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;
23-11) су қорын пайдалану мен қорғау саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың басым бағыттарын әзірлеуге қатысады.».