Құжат мәтініне өту

О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 22/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области»

Қаулы · № 10/1 · қабылданған 13.01.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 21.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-222-ekb-86318/on/2026-08-21/
Басып шығарылды 2026-08-21 · adilet.kz
О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 22/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 10/1 ·13.01.2015
21.11.2017 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
21.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.11.2017. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 22/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 10/1 · 21.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 22/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление предпринимательства, торговли и туризма Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 22/2 қаулысына толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
10/1
Қабылданған күні
13.01.2015
Көрсетілген редакция
21.11.2017 86318_266041.kaz
Соңғы өзгеріс
21.11.2017
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15P0004282
ЭКБ идентификаторы
86318
Редакция идентификаторы
86318_266041
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 17:04

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 ақпандағы
«Павлодар облысының кәсіпкерлік,
сауда және туризм басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы ережені
бекіту туралы» № 22/2 қаулысына
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» № 22/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 болып тіркелген, 2014 жылғы 25 ақпанда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 25 ақпанда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) келесідей толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақ келесі мазмұндағы 25), 26), 27), 28), 29) тармақшалармен толықтырылсын:
«25) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес рұқсат етулер және хабарламалар туралы туроператорлық қызметті лизензиялауды жүзеге асыру;
26) гидтың (гид-аудармашының) кәсіби даярлығын ұйымдастыру;
27) уәкілетті органмен келісім бойынша туристік саланы дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту;
28) мемлекеттік туристік маршруттар мен жолдар тізілімін жүргізу;
29) туристік қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу.».

2 2. «Павлодар облысының кәсіпкерлік, сауда және туризм басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Д.Н. Тұрғановқа жүктелсiн.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы