О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 10 апреля 2014 года № 238-V «Об утверждении регламента Атырауского областного маслихата»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение Атырауского областного маслихата от 10 апреля 2014 года № 238-V «Об утверждении регламента Атырауского областного маслихата»
- Атауы (қаз.)
- Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 238-V «Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 380-V
- Қабылданған күні
- 10.06.2015
- Көрсетілген редакция
- 16.03.2018 91044_305895.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 16.03.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15T0003233
- ЭКБ идентификаторы
- 91044
- Редакция идентификаторы
- 91044_305895
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:40
0 Атырау облыстық мәслихатының
2014 жылғы 10 сәуірдегі №238-V
«Атырау облыстық мәслихатының
регламентін бекіту туралы» шешіміне
өзгеріс енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 9 бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы №704 «Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, V шақырылған облыстық мәслихат кезекті ХХХІІ сессиясында ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі №238-V «Атырау облыстық мәслихатының регламентін бекіту туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2893 рет санымен тіркелген, 2014 жылы 29 сәуірде «Атырау» газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Регламентте:
мемлекеттік тілдегі 7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді:
«7. Атырау облыстық мәслихаттың кезекті сессиясы кемінде жылына төрт рет шақырылады және оны мәслихат сессиясының төрағасы жүргізеді.».