О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 28/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление образования Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 28/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление образования Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1/1
- Қабылданған күні
- 13.01.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2018 86260_343008.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15P0004283
- ЭКБ идентификаторы
- 86260
- Редакция идентификаторы
- 86260_343008
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 17:04
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
«Павлодар облысының білім беру
басқармасы» мемлекеттік мекемесі
туралы ережені бекіту туралы»
№ 28/2 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда «Сарыарқа самалы» газетінде, 2014 жылғы 27 ақпанда «Звезда Прииртышья» газетінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
осы қаулымен бекітілген «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта:
16) тармақша алынып тасталсын:
келесі мазмұндағы 49), 50), 51) тармақшалармен толықтырылсын:
«49) орта білім беру ұйымдарында психологиялық қызметтің жұмыс істеу қағидасын әзірлеуді және бекітуді ұйымдастырады;
50) білім беру ұйымдарының ішкі тәртібінің үлгі қағидасын әзірлейді және бекітеді;
51) облыс әкімдігі мен әкімінің актілерінде, өзге де нормативтік құқықтық актілерде көзделген жағдайларда мемлекеттік заңды тұлғалардың құқық субъектілерін, оның ішінде оларға қатысты тиісті саладағы уәкілетті органдардың құзыреттеріне ұқсас шешімдерді қабылдау, акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакетін және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін иелену мен пайдалану құқықтарын жүзеге асырады.»;
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдар тізбесінде:
«Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде 2) және 16) тармақшалар алынып тасталсын;
«Коммуналдық мемлекеттік мекемелер» деген бөлім келесі мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
«7) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін қамтамасыз етсін.