О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 28/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление образования Павлодарской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 28/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление образования Павлодарской области»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/2 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 62/2
- Қабылданған күні
- 25.02.2016
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2018 100844_343010.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005036
- ЭКБ идентификаторы
- 100844
- Редакция идентификаторы
- 100844_343010
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:18
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2014 жылғы 10 ақпандағы
«Павлодар облысының білім
беру басқармасы» мемлекеттік
мекемесі туралы ережені бекіту
туралы» № 28/2 қаулысына
өзгерістер мен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 28/2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3708 тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда «Звезда Прииртышья», «Сарыарқа самалы» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта:
32) және 45) тармақшалар алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 16-1), 52) тармақшалармен толықтырылсын:
«16-1) балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын зерттеп-қарауды және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық көмек көрсетуді қамтамасыз етеді;»;
52) дуальды оқыту бойынша білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлауды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.»;
12), 21) тармақшалар жаңа редакцияда жазылсын:
«12) мемлекеттік тапсырыс негізінде техникалық және кәсіптік білімнің білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін жыл сайын 1 тамызға дейін қағаз және электрондық жеткізгіштерде оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерін сатып алуды және жеткізуді қамтамасыз етеді;»;
«21) берілген өтінімдерге сәйкес кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, ауылдық жердің кадрлар қажетсінуі туралы өтінімді білім беру және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органдарға жыл сайын 15-ші сәуірге дейін ұсынады;»;
«Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
қазақ тілінде «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде 20), 21), 22), 23) және 26) тармақшалар алынып тасталсын;
орыс тілінде «Мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде 21), 22), 23), 24) және 27) тармақшалар алынып тасталсын;
«Коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар» деген бөлімде 15) тармақшаалынып тасталсын;
«Коммуналдық мемлекеттік мекемелер» деген бөлімде 3) тармақша алынып тасталсын;
келесі мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
«8) Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы білім беру басқармасының «Облыстық көп салалы дарынды балаларға арналған көптілді лицей» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.».
2 2. «Павлодар облысының білім беру басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.