Құжат мәтініне өту

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области»

Қаулы · № 96/3 · қабылданған 01.03.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-292/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области» Күшін жойған Қаулы ·№ 96/3 ·01.03.2016
12.09.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области»

Күшін жойған Қаулы ·№ 96/3 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения и дополнений в постановление акимата Павлодарской области от 10 февраля 2014 года № 29/2 «Об утверждении Положения о государственном учреждении «Управление недропользования, окружающей среды и водных ресурсов Павлодарской области»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 29/2 қаулысына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
96/3
Қабылданған күні
01.03.2016
Көрсетілген редакция
12.09.2018 100855_358473.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16P0005040
ЭКБ идентификаторы
100855
Редакция идентификаторы
100855_358473
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:12

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2014 жылғы 10 ақпандағы
«Павлодар облысының жер
қойнауын пайдалану, қоршаған орта
және су ресурстары басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
ережені бекіту туралы» № 29/2
қаулысына өзгеріс пен толықтырулар
енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» № 410 Жарлығына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. Павлодар облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 ақпандағы «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» № 29/2 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3712 болып тіркелген, 2014 жылғы 27 ақпанда «Сарыарқа самалы», «Звезда Прииртышья» газеттерінде жарияланған) келесі өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
20-тармақта:
62) тармақша алынып тасталсын:
келесі мазмұндағы 91), 92) тармақшалармен толықтырылсын:
«91)  су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен, халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органмен келiсiм бойынша белгiлеу;
92) су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарын әуесқойлық және спорттық балық аулау үшiн пайдалануға қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсiм бойынша рұқсат бepу.».

2 2. «Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:

осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен;
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуінен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысының әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Н. К. Әшімбетовке жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы