Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 430 «Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан»

Бұйрық · № 468 · қабылданған 21.05.2019
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-430-ekb-132429/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 430 «Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан» Күшін жойған Бұйрық ·№ 468 ·21.05.2019
16.06.2021 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.06.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 430 «Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 468 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 10 октября 2014 года № 430 «Об утверждении Положения о Комитете по финансовому мониторингу Министерства финансов Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
468
Қабылданған күні
21.05.2019
Көрсетілген редакция
16.06.2021 132429_528165.kaz
Соңғы өзгеріс
16.06.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G19E0000468
ЭКБ идентификаторы
132429
Редакция идентификаторы
132429_528165
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:52

0 «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің

Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің
2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 10 қазандағы № 430 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9846 болып тіркелген, 2014 жылғы 18 қарашада «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті туралы ережесінде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті (бұдан әрі – Комитет) қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмдi қаржыландыруға қарсы
iс-қимыл, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен осы органның жүргізуіне жататын қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды орындау саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Комитеттің республикалық мемлекеттiк мекеме нысанындағы заңды тұлға болып табылатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын және тарататын аумақтық органдары, сондай-ақ мамандандырылған мемлекеттік мекемесі – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi Қаржы мониторингi комитетінің «Кинологиялық орталық» – республикалық мемлекеттік мекемесі» бар.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Комитеттің заңды мекенжайы: 010000, Қазақстан Республикасы,
Нұр-Сұлтан қаласы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8, 1-кіреберіс, «Министрліктер үйі» ғимараты.»;
14-тармақтың 42) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«42) Қазақстан Республикасының заңнамасымен органдардың қарамағына жатқызылған қылмыстық және әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша адамдарды, соттың қаулысы бойынша мемлекет мүддесiне сай қойылған талап арыздар бойынша жауапкерлердiң жүрген жерi белгісiз болған кезде оларды iздестіруді жүзеге асыру;»;
15-тармақ мынадай мазмұндағы 27-1) тармақшамен толықтырылсын:
«27-1) Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелген міндеттерді шешуді қамтамасыз ететін ақпараттық жүйені құру және пайдалану, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша алдын ала тергеу, анықтау, іс жүргізу барысында зерттеулер ұйымдастыру;».

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті заңнамамен белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмелерін қазақ тілінде және орыс тілінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы