Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 10 ноября 2014 года № 756 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Кызылординской области"

Қаулы · № 24 · қабылданған 28.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no-756/on/2026-09-19/
Басып шығарылды 2026-09-19 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 10 ноября 2014 года № 756 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Кызылординской области" Күшін жойған 19.05.2016 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 10 ноября 2014 года № 756 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Кызылординской области"

Күшін жойған Қаулы № 24 19.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Кызылординской области от 10 ноября 2014 года № 756 "Об утверждении Положения государственного учреждения "Управление финансов Кызылординской области"
Атауы (қаз.)
"Қызылорда облысының қаржы басқармасы" мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекіту туралы" Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
24
Қабылданған күні
28.05.2015
Көрсетілген редакция
19.05.2016 90900_122649.kaz
Соңғы өзгеріс
19.05.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15L0005018
ЭКБ идентификаторы
90900
Редакция идентификаторы
90900_122649
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 14:54
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.05.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 756 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4790 нөмірімен тіркелген, «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінде 2014 жылғы 15 қарашада жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесінде:
16-тармақ мынадай мазмұндағы 56-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«56-1) өз құзыреті шегінде жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы шараларды іске асырады;»;
21-тармағының 5), 10), 14) тармақшалары келесі редакцияда жазылсын:
«5) еңбек қатынастары мәселелері өз құзыретіне жататын Басқарма қызметкерлеріне заңнамада белгіленген тәртіппен тәртіптік жаза қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;»;
«10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға дербес жауапты болады;»;
«14) құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;»;
23-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Басқарма дүйсенбі және жұма аралығында аптасына 5 (бес) күн жұмыс істейді;».

2. «Қызылорда облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Н.Н. Годуноваға жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.