Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 10 апреля 2014 года №103 “Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности”

Қаулы · № 97 · қабылданған 18.05.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 24.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/10-2014-no103/on/2026-08-24/
Басып шығарылды 2026-08-24 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 10 апреля 2014 года №103 “Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности” Күшін жойған Қаулы ·№ 97 ·18.05.2015
11.01.2016 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
24.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 11.01.2016. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 10 апреля 2014 года №103 “Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности”

Күшін жойған Қаулы ·№ 97 · 24.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Жалагашского района от 10 апреля 2014 года №103 “Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, спорта и ветеринарии, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности”
Атауы (қаз.)
“Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
97
Қабылданған күні
18.05.2015
Көрсетілген редакция
11.01.2016 90167_95683.kaz
Соңғы өзгеріс
11.01.2016
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V15LF005001
ЭКБ идентификаторы
90167
Редакция идентификаторы
90167_95683
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 15:03

0

“Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №103 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238-бабының 3-тармағына сәйкес Жалағаш ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. “Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы” Жалағаш ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 сәуірдегі №103 қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4652 болып тіркелген, 2014 жылғы 4 мамырда “Жалағаш жаршысы” газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының қосымшасымен айқындалған азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық, сақтау әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар тізбесінде:
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“2) мамандар (бас, аға), оның ішінде: күтім жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, консультант (оның ішінде әлеуметтік жұмыс жөніндегі), арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер;”;
3-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“3) мамандар (бас, аға), оның ішінде: барлық мамандықтағы мұғалімдер, кітапханашы, жетекші, тәрбиеші, емдәм бикесі, инспектор, нұсқаушы, зертханашы, шебер, медициналық бике, әдістемеші, музыкалық жетекші, музыкатанушы, психолог, үйірме жетекшісі, хореограф, хормейстер.”;
4-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“4) мамандар (бас, аға), оның ішінде: аккомпаниатор, мұрағатшы, балетмейстер, библиограф, кітапханашы, инспектор, нұсқаушы, өнертанушы, мәдени ұйымдастырушы, әдістемеші, музыкалық жетекші, бағдарламашы, редактор, режиссер, үйірме жетекшісі, хормейстер, сақтаушы (оның ішінде мұражайлардағы қорларды), барлық атаудағы суретшілер, экскурсовод, аудармашы, барлық атаудағы техниктер, барлық мамандықтағы инженер;”;
6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
“3) мамандар (бас, аға), онын ішінде; мал дәрігері, мал фельдшері, эпизоотолог (оның ішінде ветеринарлық зертхананың), зоотехник. ”.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ө. Елеусіновке жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

“КЕЛІСІЛДІ”
Жалағаш аудандық
маслихатының хатшысы
____________ К.Сүлейменов
18 мамыр 2015 жыл.

Қолданыстағы